Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3594 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 16:44

БҰҰ Украинаның Қырымды қосқандағы тұтастығын қолдады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі құрамында Қырым автономиясы кіретін Украинаның аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымын сөзсіз қуаттады. Бұл туралы Украинаның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Владимир Ельченко мәлімдеді, деп хабарлайды «112 Украина». Оның айтуынша, мұндай ұстанымды Ресей Федерациясы ғана қолдамаған.

«Біз құрамына Қырым да кіретін Украинаның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымын құрметтегені үшін, Қауіпсіздік кеңесіне алғыс білдіреміз. Әрине, бір ғана мемлекет мұндай ұстаным білдіре алмады", - деді Ельченко.

«Украинаны Қырымға қарсы теракт жасауға талпынды деп айыптаған олар неге дәлелді алға тартпайды? Оны дәлелдейтін суреттер немесе видеолар қайда? Бос сөзбен айыптайды", - деді Ельченко. Бұның алдында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Қырымдағы жағдайдың ушығуына байланысты жабық жиналыс өткізді. Отырыс Украинаның өтінішімен шақырылды.

Ресей және Украина арасы Федералдық қауіпсіздік қызметінің Қырымда "диверсанттарды" ұстауына қатысты хабарынан соң күрт суып кетті. Ұсталғандар украиналық барлау қызметкерлері делінеді. Оларды ұстау кезінде екі ресейлік офицер қаза тапты деп хабарланды.

Президент Владимир Путин Украина билігін террорды қолдануға көшті деп айыптап, Донбастағы жанжалды бейбіт реттеу жөніндегі "нормандиялық форматтағы" кездесуден тас тартты.

 
Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1338
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2911
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 921