Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2676 0 пікір 12 Тамыз, 2016 сағат 12:24

Сайрамда 100 мың тоннаға жуық мал еті өндірілді

Сайрам ауданы, мал басын бордақылаудан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша алдыңғы қатардағы аудандардың бірі. Бүгінгі таңда, ондағы ірі қара мал басы 176 мыңнан асып жығылса, оның 32 мыңнан астамы бордақылануда. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осылайша, ірі қараны етті бағытта бағып отырған сайрамдықтар бүгінге дейін 100 мың тоннаға жуық мал етін өндіріп, республиканың барлық қалалары мен көршілес Ресей мен Өзбекстанның нарығына экспорттады. 

Аталған істі кәсіп көзіне айналдырып, пайдаға кенеліп жүрген шаруаның бірі - Зәкіржан Абдуллаев. Ақсукент ауылының тұрғыны мал бордақылауды кәсіпке айналдырғанына 6 жылдың жүзі болды. Алғашында 5-6 ірі қараны семіртуді бастаған ол бүгінде олардың санын 100-ге жеткізді. 

3 ай бұрын «Максимум» аймақтық-инвестициялық орталығынан жылдық 7 пайызбен 15 млн. теңге несие алып, кәсібін жандандырған ЖК «Абдуллаев» еңбек ұжымының аудандық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына айтар алғысы мол. 

Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының консультант-менеджері Қ.Асылболатов «Максимум» АИО-нан аз мөлшердегі пайызбен несие алуына құжаттарын рәсімдеуге заң аясында қызмет көрсетіп, жөн сілтеген екен. 

– Негізінен, тіс дәрігері маманымын. Мамандығым бойынша 1 жылдай жұмыс атқардым. Бұл кәсіпті ағаларымнан үйрендім. Отбасымыздың бұл кәсіппен айналысып жүргеніне 15 жылдан асты. Осы салада жетістікке жететініме көзім жетіп, жеке айналысуды жөн көрдім, - дейді 29 жастағы кәсіпкер.

Оның Ақсукентте жеке мал соятын орны бар. Күніне 2-2,5 тоннаға дейін мал бордақылап, етін Алматыға жөнелтеді екен. Осылайша, жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдырған шаруа өзіне ғана емес, айналасындағы 8 адамды жұмыспен қамтуға септігін тигізіп отыр.

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572