Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4295 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 13:51

Мақтарал ауданы басшысы білім ошақтарының құрылысын қадағалады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарала ауданы әкімі Ж.Бейсенбаев мырза күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралап, құрылыс жұмыстары барысымен танысты. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Білім нысандарын аралаған Мақтарал ауданы әкімі Бейсенбаев мырза  Достық ауылдық округындағы Айни Жалпы білім беретін мектебінің, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінде орналасқан А.Тұяқбаев атындағы мектебінің, Еңбекші ауылдық округында орналасқан Абай атындағы жалпы білім беру мекемесіндегі жүргізіліп жатқан  күрделі жөндеу жұмыстарының сапасын көрді.

Аталған оқу нысандардың құрылыс жұмыстарын жүргізуге бағытталған тендерді ұтып алған мердігерлерге оқу жылы басталуға аз уақыт қалғанын ескертіп, нысандардың жылдам әрі сапалы етіп аяқтау керектігін жеткізді. Әсіресе, Мақтарал ауданына қарасты Хайдар елді мекенінде орналасқан Айни жалпы білім беру мекемесіндегі жұмыстардың  кестеден кешігіп жатқандығын, нысанда жұмыс істеп жатқан 32 адамның уақытында жұмыстарды бітіре алмайтындығын ескертіп, қосымша жергілікті халықты жұмысқа тарта отырып қол күшін көбейтіп, мәселені шешу керектігін тапсырды.

Дереккөзі: ОҚО Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1016
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 955