Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3973 0 пікір 11 Тамыз, 2016 сағат 11:56

Мақтарал ауданына жаңа әкім тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Мақтарал аудандық мәслихатының келісімі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Мақтарал ауданының әкімі тағайындалды. Мақтарал ауданының әкімі лауазымына Ғалым Ыбрайұлы Исмаилов тағайындалды. 

Ғ.Ы.Исмаилов 1961 жылы 10 қарашада туылған, білімі жоғары, инженер-құрылысшы-технолог, мемлекеттік басқару бакалавры.

Еңбек жолын 1983 жылы Шымкент облысы Бөген құс фабрикасында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік қызметті өткеруді 

1999 жылы Шымкент қалалық әкімшілігі коммуналдық шаруашылық департаменті бастығының орынбасары лауазымында бастаған. 2001-2007 жылдары Шымкент қалалық № 2 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатты қорғау басқармасы бастығының орынбасары, Түркістан, Шымкент қалалары әкімінің орынбасары ретінде еңбек еткен. 2007-2013 жылдары аралығы «Бадам Тас», «Kazakhstan Connecting System», «OLYMPIA KAZAHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4154