Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2462 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 16:46

Тәртіп түзелмей, қылмыс азаймайды

Кентау қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаевтың төрағалығымен жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Дәулетовтың 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Жергілікті полиция қызметі басшысының есебіне облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Мұсабек Зұлпыхаров және қала прокуроры Жомарт Нұрғалиұлы қатысты. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауыл әкімдері, дербес бөлім мен аймақтық басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Қала әкімі Ә.Мақұлбаев мәжіліске қатысушыларды президиум мүшелерімен және мәжілістің күн тәртібімен таныстырып, сөзді Н.Дәулетовке берді. Жергілікті полиция қызметі басшысының 2016 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Есепте атқарылған жұмыстардың оң нәтижелері яғни ашылған қылмыстар мен жүргізілген жұмыстар туралы айтылды. Есептен соң қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғ.Тойшиев полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы халық арасында жүргізілген сауалнама қорытындысын баяндады. Баяндамадан кейін жергілікті полиция қызметінің басшысы Н.Дәулетов мінберге қайта көтеріліп, сұрақтарға жауап берді. Облыстық жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары М.Зұлпыхаров слайдта көрсетілген жұмыстардың көпшілігі жаз мезгіліне қарағанда қысқы мезгілінде көптеу атқарылғандығын айтты. Қала прокуроры Ж.Нұрғали полиция жұмысының көптеген кемшіліктері және оның жүргізілу жолдары туралы айтып өтті.

Қала әкімі Ә.Мақұлбаев учаскелік полиция инспекторлары халықпен және білім бөлімімен бірлесіп, жасөспірімдер арасында қанша кездесу өткізілгендігін, базар маңындағы жол көлік қозғалысын реттеу, нашоқорлықпен, мал, пәтер қалта ұрлығы, алаяқтық жалпы қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың көңіл көншітпейтіндігін айтып, тиісті тапсырмалар жүктеді. Жергілікті полиция қызметі басшысының есебі жыл қорытындысымен қайта қаралатын болды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540