Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3144 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 12:44

Шымкенттік өнерпаз Италиядағы жарыста бас жүлдені жеңіп алды

Шымкенттік Карина Нажмединова Италияда өткен өнер сайысында бас жүлдені иеленді. 15 жасар талантты жас классикалық бағыт бойынша өткен ән додасында 200 үміткердің ішінен оза шапқан. Республикалық, халықаралық жарыстардың бірнеше рет жеңімпазы атанып үлгерген жерлесіміз үшін бұл ең үлкен жүлде. Жеңіс тұғырынан көрініп, италиялық қазылардың ең жоғары бағасын алған Каринамен тілдесіп, қуанышымен бөліскен едік.

 — Бұл — менің Италияға алғаш рет баруым,- дейді Карина. — Алған әсерім керемет болды. Жылы ілтипатпен қарсы алды бізді. Ол елде классикалық өнерге деген құрмет ерекше. Италиядағы қазылар алқасы менің өнерімді жоғары бағалағанына қуаныштымын».

«Күн астындағы Италия» атты халықаралық жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен классикалық бағатта ән айтатын 200-ден аса жас талант иелері қатысқан. Карина да бұл додалы жарыста жеңістен дәмелі болғанын жасырмайды. Сондықтан репертуар таңдауға ерекше мән берген.

— Алғаш орындаған әнім — итальян тіліндегі  атақты ән. Екіншісі — Латиф Хамидидің әні «Бұлбұл» болды. Екі әнді мінсіз орындап шықтым. Мен дауысымды, мүмкіндігімді көрсете білді деп ойлаймын. Сондықтан болар, ешқандай қорқыныш, қобалжу болған жоқ.

Карина Бибігүл Төлегенова апамыздың орындауында халық жадында жақсы сақталған «Бұлбұл» әні бағымды ашты дейді. Оның өзіндік себебі бар. Өйткені сапарға шықпас бұрын жеңімпаз бұлбұл әншімен жүздесіп, ақ батасын алған.

Жеңімпаз қаламыздағы №1 Ж. Омарава атындағы  балалар саз мектебінде 4 жыл білім алған. Оның алғаш рет мектепке келген сәтін ұстаздары жақсы біледі. Осы уақыт ішінде білікті мұғалімдерден тәлім алған оқушы бірнеше сайыстарға қатысып, тәжірибе жинады. Жүлдесіз қайтқан сәті болған емес. Ал оның бойындағы ерекше қабілетін байқаған мұғалімдері үлкен үміт күтетінін айтады.

Шетелге жиі шығып, ел намысыз қорғап жүрген Карина Нажмединова үйренерім көп дейді. Әр жарысында өзіңе жаңа дүниені жанына түйіп жүреді. Алға қойған арман-мақсаты — атақты опера әншісі болу.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534