Сенбі, 23 Қараша 2024
Дода 4500 0 пікір 10 Тамыз, 2016 сағат 10:47

РИО 2016: БІЗ ЖАЗИРАДАН АЛТЫН КҮТЕМІЗ

КҮМІС ДЕГЕН КАРИНА ҚОЛАНЫ ҚАНАҒАТ ТҰТТЫ

Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық Карина Горичева қола жүлдегер атанды. 

63 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз жұлқа көтеруде 111 келі көтеріп екінші орыннан көрінді. Алайда серпе көтеруде 132 келіден әрі аса алмай, үшінші орынға тұрақтады. Осылайша, 243 келімен жүлделі үшінші орынға ие болды.

Бұл салмақта бірінші орын қытайлық Дэн Вэйдың еншісіне бұйырса, күміс жүлдені солтүстік корея спортшысы Чхве Хё Сим еншіледі.

Жарыс алдында журналистерге сұхбат берген құраманың бас бапкері Алексей Геннадиевич Ни Каринаның дайындығы жоғары екендігін айтқан еді.

"Каринаның Риоға келердегі дайындығы өте жоғары. Ол қазір дәл бабында тұр. Егер өзінің толқуын тыйып, есін жинайтын болса, Карина Қазақстанға медель сыйлайды. Біздің жоспар бойынша Карина бүгін күміс алуы керек",-депті Ни мырза.

ЖАЗИРА АЛТЫН АЛУҒА МІНДЕТТІ

Ал бүгін Астана уақытымен сағат 00:30-да қазақстандық ауыратлеттер Жазира Жапарқұл мен Ниджат Рақымов сынға түседі.

БАҚ-қа сұхбат берген бас бапкер Ни: "Жазира Жаппарқұл – Қазақстан ауыр атлетика мектебінің түлегі. Оның әлем чемпионатындағы күміс жүлдесін олимпиадада алтынға ауыстыруға мүмкіндігі бар",-деп болжам жасаған.


Жазираның жетістіктері:

1. Ауыратлеттердің арасында тұңғыш жүлдегер Жазира Жаппарқұл алғашқы халықаралық жүлдесін (алтын медаль) 2010 жылы Сингапурде өткен жасөпірімдер арасындағы жазғы олимпиадада алды.

2. 2012 жылы Гватемалада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде де чемпион атанды.

3. 2013 жылы Мьянмадағы жастар арасындағы Азия чемпионатында Жазира жиыны (штанганы жұлқа және серпе көтеру – ред.) 232 килограмм көтеріп, күміс медаль алып қалды. 

4.2014 жылы Алматыдағы әлем чемпионатында, 69 килограмм салмақ дәрежесі бойынша солтүстіккореялық атлеттен (265 килограмм нәтижемен – ред.) үш килограмм ғана аз көтеріп (263 кг),  күміс медальді қанағат тұтты.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) сайты Жазира Жаппарқұлды «ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақ қызы» деп жазды.

Ал бүгін жарысқа шығатын тағы бір атлет  Ниджат Рақымов та жүлдеден үмітті спортшыларымыздың бірі. Бас бапкер Алексей Ни, «бүгін бізден медаль күтіңіздер. Бүгін бір алтын, бір күміс аламыз»,-деген еді. Ендеше қазақстандық спортшылар бапкер Нидің емес, бүкіл Қазақстанның үміттерін ақтайды деп сенеміз.

Нұрзат Тоғжан

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5516