Дүйсенбі, 19 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2654 0 пікір 9 Тамыз, 2016 сағат 15:48

Қала әкімдігінің ескі ғимаратына бірнеше құрылымдық бөлімдер көшіріледі

Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген қала әкімдігінің ескі ғимараты қайта пайдалануға берілді. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімінің ресми сайты жазады.

Ендігі жерде онда қала әкімдігінің үш құрылымдық бөлімі, атап айтқанда, білім бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, сонымен қатар, Әл-Фараби ауданы әкімдігі орналасатын болады. Күні бүгінге дейін аталған бөлімдер қаланың әр аумағында ғимараттарды жалға алып келген еді.

 – Ғимараттың күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, – дейді Шымкент қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Рашид Аюпов. – Алдағы уақытта ғимаратта қала әкімдігінің бірнеше құрылымдық бөлімін орналастыруды жоспарлап отырмыз. Бұған дейін жиі орын ауыстырып келген бөлім қызметкерлерімен байланысу әсіресе, қала тұрғындарына айтарлықтай қиындық туындатқаны рас. Өз кезегінде, бірқатар құрылымдық бөлімдерді қала меншігіндегі ғимаратқа орналастыру арқылы бюджет қаржысын үнемдеуге де мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Еңбекші және Абай ауданы әкімдіктерін де аталған орынға көшіру мәселесі алдағы уақытта нақты шешілетін болады. Бұған дейін қала әкімдігі аталған аудан әкімдіктері үшін жаңа бірыңғай үлгідегі ғимараттардың құрылысын жүргізуді жоспарға енгізген де болатын. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2721
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4463