Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2964 0 пікір 9 Тамыз, 2016 сағат 11:06

Қыста шымкенттіктер тоңбайды

Алдағы қысқы суықта Шымкенттіктер тоңбайды .»Қуат жылу орталығы» мекемесі шаһардағы әбден тозығы жеткен 42 шақырым жылу құбырын жаңартып жатыр.

Бүгінде Шымкенттің 33 көшесінде қарқынды жұмыс жүргізілуде. Оған 230 жұмысшы жұмылдырылған. Жоспар бойынша жылу жүйелерін жаңарту жұмыстары қазан айында толығымен аяқталуы тиіс. Бұл туралы «Abai.kz»  порталы хабарлайды.

Қаланың 33 жерінен осылайша қазылып тасталған. Жылу маусымына дайындық сапалы болсын десек, оған шыдамдылық танытуға тура келеді. «Қуат жылу орталығының» мамандары көшелердегі бұл қиындықтар қазан айына дейін болады деп ескертуде. Жөндеуді тыңғылықты жүргізу қолға алынған. Себебі 80-жылдардан бері алмастырылмаған құбырлардың әбден тозығы жеткен.

Ондаған шақырымдық құбырларды алмастыру үшін қазынадан 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жұмыстар негізінен көп қабатты үйлер көп шоғырланған шағынаудандарда қарқын алған. Тек Күншығыс және 16-шағынауданның өзінде 200-ге жуық үйге жылу жеткізетін құбырлар жаңаланады.

Жергілікті билік бұл жұмыстарды күрделі жөндеудің бастамасы деп отыр. Биылға түзілген жоспар орындалса, шаһардың жылу жүйесінің оңтүстік бөлігі — 87 солтүстік бөлігі 30 пайызға жаңартылады деген сөз.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1257
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2785
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 908
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 854