Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Білгенге маржан 4101 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 16:27

М.ФЕЛПС ТАРИХТА ОЛИМПИАДАНЫ 19 РЕТ ЖЕҢГЕН АЛҒАШҚЫ СПОРТШЫ

Америкалық танымал жүзгіш Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында кезекті жеңісіне қол жеткізіп, АҚШ қоржынына тағы бір алтын медаль салды,-деп жазады «sn.kz» порталы.

100 метрге еркін жүзуден өткен эстафетада Фелпс бастаған төрттік алдына жан салған жоқ.

Финалдық кезеңде Фелпс пен оның командаластары Калеб Дрессел, Райан Хелд және Натан Эдриан 3 минут 9,92 секунд көрсеткішімен көш бастаса, екінші орынды 3.10,53 нәтижесімен француз командасы жеңіп алды. Ал, 3.11,37 көрсеткішіне қол жеткізген австралиялық спортшылар жарыстың қола жүлдегері атанды.

Осылайша, 31 жастағы Майкл Фелпс тарихта Олимпиада ойындарының 19 алтынын иеленген алғашқы спортшы атанып отыр. Сондай-ақ, жалпы олимпиадалық медальдар саны жағынан да Фелпске жетер бірде-бір спортшы жоқ. Күміс пен қола жүлделердің бәрін қосқанда америкалық жүзгіштің еншісінде 23 олимпиада медалі бар.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141