Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4385 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 14:02

ОҚО, Ордабасы ауданы: айына 30 тонна ет

Шұбар ауыл округінде 2010 жылы іске қосылған "Шұбар асыл тұқымды кешені" ЖШС шошқа өсіріп, бордақылаумен айналысады. Бұл жобаның жалпы құны 141 млн. теңгені құрайды, қаржы көзі - ҰҚ "Оңтүстік ӘКК" акционерлік қоғамы. 

Бұл кешенде 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 

Кешенде бүгінде 5000 шошқа бар. 

"Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында инвестициялық құны 70,0 млн. теңгеге мал сою цехы іске қосылды. Қуаттылығы - тәулігіне 5000 тн.

Серіктестік төрағасы С.Валиевтың мәлімдеуінше бұл кешен айына 30 тонна ет шығарады. Мұнда етті тексеретін арнайы зертхана да жасақталған.

ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРУШЫ ЗЕЙНЕТКЕР

Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылының тұрғыны, ұзақ жыл энергетика саласында еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан Жақсылық Отаубеков техника құрастырумен әуестенеді. Бүгінде шағын бақшаларды баптайтын трактор құрастырып, қосымша құрылғыларын да жасап шығаруда. 

Жаңар-жағар майды барынша аз шығындайтын тракторлар бүгінде көрші аудандардың шаруаларының қызығушылығын туғызуда. Таяуда Бәйдібек ауданына арнайы тапсырыспен құрастырылған бір шағын трактор аттанған. 6 аттың күші бар бұл темір тұлпар төрткүлдік дихандардың күніне жарап тұрған көрінеді. Әсіресе, ұсақ шаруашылықтар еккен өнімін дәрілеуде, жерін тармалауда, жүйек салуда Жақсылық Отаубековтың көмегіне жүгінеді.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5490