Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2930 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 13:02

Отгонцэцэг Қазақстанның алғашқы медалін әперді

Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы алғашқы медалін Оңтүстіктің спортшысы әперді. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан олимпиада ойындарында дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг қола медаль иеленді. Ол алғашқы айналымда Такиана Лиманы (Гвинея-Бисау) жеңгенімен, ширек финалда жапониялық Ами Кондодан ұтылып қалды.

Ал үшінші орынға таласта Отгонцэцэг 2012 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері венгриялық Эва Черновскиді және кубалық Даиарис Альваресті жеңді. Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанға 2012 жылы Моңғолиядан келген. Ол бұған дейін Азия чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын медаль жеңіп алған.

Айта кету керек, бұл – Қазақстанның Рио олимпиадасындағы алғашқы медалі. Дзюдо күресінен Олимпиада ойындарында сынға түскен палуандар арасында жеребе тартылған болатын. Риода Оңтүстік Қазақстаннан барған Дидар Хамза мен Отгонцецег Галбадрах белдесті. Алғашқылардың бірі болып тамыздың 6-сы күні татами төріне шымкенттік Отгонцецег шыққан болатын. 48 келідегі спортшылр арасында чемпион атанып жүрген Галбадрах бірінші турда белдеспейді. Ол екінші айналымда Гвиней-Бисау спортшысы Тасиана Лимамен татамиге шықты.

Abai.kz 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1283
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2829
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 933
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 877