АЛЕКСЕЙ НИ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУ КЕРЕК
2012-жыл. Лондон олимпиадасы. Қазақстан қоржынына төрт бірдей Алтын медаль ауыр атлетикадан түсті. Бұл түс пе, әлде өң бе? Шаттанды. Қуанды.
Оның үшеуін сырттан сатып әкелген спортшылар. Тек Ильямыз бар өзімізден. Масайрап сатып алған ақысының үстіне, қосымша сыйақысын, пәтерін т.б. сый-сыйапатын көрсетті. "Дұрыс" дедік. Ақыры бастан асыра көтерген зілтемірдің аяққа түскені сияқты абыройдың бұраң етіп құларын ешкім ойламады. Жауапкершілікті кім мойнына алады? Кешегі қомақты қаржының орнын кім төлейді? Әлде "желге ұшты" деп жата бере ме?
Енді сұрақ допингті кім оларға берді? Өзі ішті ме, әлде Ни берді ме? Есі дұрыс спортшы адам еш қашан артын ойламай, бір күнгі атақ үшін олай жасамас. Демек ел қаржысына қалтасын қампайтып жаман үйренген, ұзақ уақыт отырып шығынға батырған Алексей Ни жауапкершілікті мойнына алуы керек. Елімізде Бірде-бір дұрыс ауыр атлет дайындамай сырттан сатып әкеле беретін бизнестің көзін тапқан адам. Еліміздің мықты деген зілтеміршілерінің түбіне жетті. Алексей Ни орнынан кетіп ғана қоймай кеткен шығынды өтесін. Қазақстан ауыр атлетикасы оған отбасылық бизнес емес!
Алматы Жеткенбай
Facebook-тегі парақшасынан