Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3226 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 09:53

Атамбаев мерекелер қарсаңында рақымшылық жариялады

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай жарияланған рақымшылық туралы» заңды қабылдады.

Заңға сәйкес, алғаш рет бес жылға сотталғандар және кәмелет жасқа толмағандар; 60 жастан асқан ер кісілер мен 55 жастан асқан әйелдер; I және II топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар; сондай-ақ аса ауыр емес қылмыс жасағандар қылмыстық жауапкершіліктен және бас бостандығынан айыру жазаларынан босатылады.

Колония қонысындағылар жазасының жартысы, ал әдейі жасалған қылмыстар үшін 10 және одан аз жылдарға сотталғандар мерзімінің үштен бірі қысқартылады.

Кісі өлтіру, зорлық, сексуалдық сипаттағы бұзықтық, қылмыспен тапқан табысты заңдастыру, терроризм, кепілге кісі алу, жаппай тәртіпсіздік қылмыстарына рақымшылық берілмейді.

Заң жарияланған күні күшіне енеді және үш айдың ішінде орындалады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2097
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4968
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4190