Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3701 0 пікір 8 Тамыз, 2016 сағат 09:43

Тәжікстанда сарбаз өмірін 635 долларға бағалады

Душанбелік гарнизонның әскери соты Тәжікстан қорғаныс министрлігін қайтыс болған сарбаз Фирдавс Рахматовтың отбасына 5 мың сомони (635 АҚШ доллары) моральдық залал өтемақысын төлеуге міндеттеді.

Марқұмның туыстары моральдық шығын мөлшерін 238 мың 800 сомони немесе 30350 долларға бағалаған еді. Шағымданушының мүддесін сотта Азаптауға қарсы азаматтық қоғам коалициясының адвокаттары қорғады.

Адвокат Дилафруз Самадова "әділет үстемдік құрмағанына, ал сот болмашы ғана өтемақы белгілегеніне" шағымданды. Енді олар соттың бұдан жоғары тұрған сатысына арызданады.

Фирдавс Рахматов 2015 жылы 7 мамырда әскерге қабылданған, тура үш айдан соң – 7 маусымда оның денесі ата-анасына қайтарылды.

Өткен жылы қазанда Соғды гарнизонының әскери соты Рахматовты соққыға жыққан үш сарбазды кісі өлтіру қылмысы үшін соттады. Екі сержант және қатардағы жауынгер 18 жылдан 17 жыл аралығында бас бостандықтарынан айрылып, қатаң режимдегі колонияға жіберілді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2737
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 872
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826