Өрттің алдын алу ережелерін сақтайық
ОҚО, Сайрам аудандық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жекеменшік секторларының тұрғындарын оқыс оқиғаларға ұшырамау үшін, рейдтер жүргізуде. Төтенше жағдайлар бойынша мамандардың алаңдауына себептер жетерлік, әсіресе қыс айларында тұрғын үйлерде өрттің болуы жиі кездеседі. Мұндай жағдайлар негізінен пештерді пайдалану және орналастыру кездерінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзумен байланысты.
Жуырда осындай кездесу жұмысшылар поселкесінде өтті. Көшпелі рейд барысында өртке қарсы қызметтердің офицерлері халыққа жану фактілері (деректері) мен статистикасын (санын) мысалға келтіріп, өрт қауіпсіздігінің ережелерін түсіндіріп, тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермеуді ұсынды. Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері аудан тұрғындарына төсекте темекі шекпеуді, балаларды қараусыз қалдырмауды, жылыту құрылғыларының, электр жабдықтарының, электр жүйелерінің жағдайларына назар аударуды ескертеді.
Үйлерде өрт қауіпсіздігін қорғауды нығайту бойынша толық жазылған шаралар ұсынылған жадынамалар тұрғындарға табыс етілді. Тұрғындар төтенше жағдайлар бойынша мамандардың алдын алу жұмыстарына азаматтардың пайдасына қажет жұмыс деп түсіністікпен қарап, қабылдады.
Адамдардың өлімдері мен жарақат алулары көбіне жекеменшік секторларда болады. Өйткені, барлық өрттің 80 пайызы жекеменшік секторларында шығады.
Құрметті тұрғындар, өрт қауіпсіздігі ережесін сақтаңыздар. Өрт шыққан жағдайда 101 телефонына хабарласыңыздар.
Е.Анарбек,
Abai.kz