Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 5 Тамыз, 2016 сағат 10:33

ОҚО-да ҚР Мәжіліс депутаттары Тассай индустриялық аймағының жұмысымен танысты

ОҚО-да ҚР Мәжіліс депутаттары Тассай индустриялық аймағының жұмысымен танысты.

Еліміздің оңтүстік өңіріндегі индустриялық аймақтардың бірі - Тассай индустриялық аймағының тыныс-тіршілігімен бір топ ҚР Мәжіліс депутаты танысып қайтты, деп хабарлайды «Abai.kz»  порталы Bnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

ҚР Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов, Уалихан Қайназаров, Ержан Құдайберген және тағы басқа депутаттар индустриялық аймақта іске асырылып жатқан «Мега Смарт» ЖШС-ның жылтыр МДФ плиталарын өндіретін зауытының құрылыс барысымен танысты, деп мәлім етті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жалпы, индустриялық аймақ құрылысына ұлттық қордан 1,0 млрд теңге бөлініп, биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл аймақта жалпы құны 18,7 млрд теңгеге 18 жоба іске асып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылуда. Яғни, бюджеттік 1 теңгеге 18,7 теңге жеке инвестиция тартылмақ. Сондай-ақ, мұнда жыл соңына дейін 5 жобаның іске қосылуы күтілуде. Онда 200-ден астам жұмыс орны ашылатын болады. Аймаққа инвестиция тарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456