Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 5009 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 16:14

Түркістанда «паровоз» ескерткіші орнатылды

Түркістанда «паровоз» ескерткіші орнатылды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Түркістан қаласында тарихы ғасырдан асатын үлкен ұжым бар. Ол – Мақсұт Искендиров басқаратын «Түркістан локомотив пайдалану депосы».

Өңірде соңғы жылдары игі істерімен көзге түсіп жүрген ұжым орналасқан аула бүгінде талай жолаушының тағдырын ішіне бүккен көне локомотивтердің мекеніне айналған.

Атап айтсақ, 1904 жылы жолға шыққан паровоз бүгін ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан теміржолшылардың қара шаңырағына аялдап, осындағы тарихи техникалардың санын арттырды.

Нақтысы, қала әкімдігінің бастамасымен және Түркістан бекеті тораптық ұжымдары қызметкерлері мен жұмысшыларының қолдауы арқасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Паровоз» ескерткіші орнатылды.

Қала әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және осы саланың ардагерлері игі шараға қатысып, теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Және де ескерткіштің лентасын қиып, игі бастамаға ыстық ықыластарын жеткізді.

Айта кеткен жөн, ОҚО-да тарихи ескерткіштерге ерекше көңіл бөлінген. Осының алдында ОҚО-да тарихи ескерткіштер аумағы заңсыз құрылыс нысандарынан тазартылған еді. тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда құрылыс жүргiзуге тыйым салынып және шектеу қойылған.

Мұнан бөлек, бүгінгі таңда, басқарма мамандарымен 200-ге жуық нысанның заңдылығы зерделенуде. Егер аталған нысандар сот шешімімен заңсыз деп танылса, құрылыс нысандары бұзылатын болады.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385