Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3760 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:18

Ресей Алеппода химиялық қару қолданылғанын хабарлады

Ресей билігінің хабарлауынша, сириялық Алеппо қаласында 2 тамызда оппозиция күштері бақылайтын аудан жақтан улағыш заттармен шабуыл жасалған. Соның нәтижесінде 7 адам қаза болып, тыныс жолдары күйген немесе тұншыққан тағы 23 адам ауруханаға жеткізілді.

Сирияда жанжалдасушы тараптарды татуластыру ресейлік орталығының басшысы Сергей Чварковтың айтуынша, америкалықтар бұл туралы хабардар етілді.

Сейсенбі күні сириялық үкіметтің САНА агенттігі Алепподағы тұрғын аудандардағы босқындарды газ бойтұмсықтары бар зымырандармен атқылағанын хабарлады. Ал сириялық опозиция химиялық шабуылды президент Башар Асад жүйесі жасады деп отыр.

Сол күні АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Джон Кирби Вашингтонның сириялық Саракеб қаласында улы газ контейнерлерінің тасталғаны туралы мәселені зерттейтінін айтқан еді. Бұл ақпаратты "Сириялық азаматтық қорғаныс" волонтерлер тобы жеткізген. Олар шабуылдан 33 бейбіт тұрғын зардап шеккенін айтты. Бұл оқиға 1 тамызда ресейлік тікұшақ құлаған ауданда болды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385