Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3159 0 пікір 4 Тамыз, 2016 сағат 11:16

АҚШ Орталық Азия елдерімен әріптестігін арттырады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри сәрсенбі күні Вашингтонда Орталық Азияның бес мемлекетінің сыртқы істер министрлерімен кездесуде терроризммен күрес және экономикалық дамуды жандандыру бағытында әріптестікті арттыруға шақырды.

Керри Құрама Штаттардың Орталық Азияда бірқатар жобасын жүзеге асырып қана қоймай, оларды аяғына дейін жеткізетінін мәлімдеді.

Мемлекеттік хатшы АҚШ үкіметінің терроризммен күрес, сауда және көлік салаларындағы аймақтық әріптестікті нығайтуға күш салатынын, Орталық Азиядағы экологиялық таза энергетикалық жобаларды қолдау үшін 15 миллион доллар бөлгенін айтты.

Бұған қоса Керри Құрама Штаттардың "Орталық Азиядағы әрбір мемлекеттің егемендігін, территориялық тұтастығын және тәуелсіздігін қолдайтындығын жеткізді. Сонымен бірге Мемлекеттік хатшы АҚШ-ты барлық бес мемлекеттегі адам құқығы саласындағы мәселелер алаңдататынына тоқталып өтті.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383