Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 5438 0 пікір 2 Тамыз, 2016 сағат 14:59

ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІНДЕ ҚЫҢҚ ЕТПЕГЕН ТЕЛІБЕКОВ ЕРДОҒАНДЫ СОТҚА БЕРМЕК

Жақында Қазақстанның Мұсылмандар одағы ұйымының төрағасы Мұрат Телібеков Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды Гаагада сотқа беретінін мәлімдеді.

Әскери бүлік жасамақшы болған (бүлік кезінде қаза тапқан) Түркия қарулы күштерінің өкілдеріне байланысты қазақстандық белсенді Мұрат Телібеков пен ОА бойынша адам құқықтарын қорғау комитеті Режеп Тайып Ердоғанға шағымданып, хат жазыпты.

«Сіз ашуға беріліп, әділетті аяққа таптап жатырсыз, Президент мырза! Ұмытпаңыз, олар сіздің елдің азаматтары. Әрбір қайтыс болған азаматтардың артында туған-туыстары, жақындары бар. Олар сізге не жазып қойды?! Қылмысы үшін оларды осылай жазалау арқылы, сіз олардан да асып түсетін зұлымдық жасайсыз!», - депті әлгі хатта.

Әуелі Мұрат Телібеков мырза мен оның ұйымы туралы тоқтала кетсек, Телібеков мырзаның Қазақстан Мұсылмандарының атынан сөйлеуге қандай құқы бар?

Өзін «Қазақстан мұсылмандар одағының» басшысы ретінде таныстыратын Мұрат Телібеков 2015 жылы Президенттік сайлауға түспек болғанда, ҚМДБ құзырлы органдарға сауал жасап, «Қазақстан мұсылмандар Одағының» ұйым ретінде еш жерде тіркелмегенін дәлелдеген-тін. Демек, Телібековтің Қазақстан Мұсылмандарының атынан Халықаралық деңгейде сөйлеуіне құқығы жоқ.

Қазір  Түркиядағы алағай да бұлағай кезеңде Түркия Президенті адам құқыттары мен БАҚ еркіндігіне шектеу қойып, бірсыпара БАҚ-ты жауып, ондаған адамды ауыр жазаға тарту туралы шешім шығарғаны белгілі. Хош, Телібеков мырзаның мақсұты адам құқығын, БАҚ құқығын  қорғау болды делік.

Сонда өзін-өзі Мұсылмандар одағының басшыры ретінде таныстырып жүрген Телібеков мырза 2011 жылы Жаңаөзен қаласында «қанды-қырғын» кезінде қайтыс болған азаматтар мен олардың туыстары мәселесінде неге «ләм-мим» деп жақ ашпады? Жеті ай бойы Үкіметке телміріп, төзімдері таусылған жаңаөзендіктердің құқықтары бұзылғанда Телібеков мырза Мәсімов Үкіметінің үстінен неге шағым түсірмеді?

Немесе 2013 жылы Шеңгелді оқиғасы кезінде қазақ отбасы жапа шекті. Арыстай азамат қайтыс болды. Одан кейін 2014 жылдың 31-желтоқсаны күні Алматы облысы Ұйғыр ауданында болған қазақ-ұйғыр қақтығысы болды. Өз елінде, өз жерінде өгейдің күйін кешкен қазақтардың  құқықтары шектелгенде Телібеков неге үнсіз қалды? Бертін келсек, 2015 жылы Сарыағашта болған қазақ-тәжік жанжалы кезінде де қазақ отбасы асқан жауыздықпен өлтірілді. Телібеков осындай бассыздықтарға жол беріп отырған Мәсімов Үкіметін Гаагада неге сотқа бермеді? Жоқ әлде бұл жерде заң бұзылған, құқық шектелген ешбір факті тіркелмеген бе еді? Жоқ әлде, Телібековтің Мәсімовке тісі батпағаны ма?

Жоқ, қазақстандықтар қазадан қан жұтып жатса да мыңқ етпеген Телібеков енді Ердоғанды Гаагада сотқа бермек екен. Хош, «іске сәт!» деуден өзге айтарымыз жоқ.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377