Жексенбі, 24 Қараша 2024
Талдау 6062 0 пікір 28 Шілде, 2016 сағат 12:01

ПУТИНГЕ ТЫҚЫР ТАЯНДЫ

Cолтүстіктегі құдайы көршілеріміздің жаһандық саясаттағы суық қадамдары онымен интеграциялас елдердің де экономикасына әсер етпей қоймасы анық. Ескі һәм жаңа одақтасымыздың Еуропа және Солтүстік Атлантида қауымдастығымен арасының алшақтауы, Батыстың Ресейге салған экономикалық санкцияларының салқылы Қазақстанның да қазынасын ортайта бастағаны жасырын емес. Арнайы «Abai.kz» порталына пікір білдірген саясаттанушы Әзімбай Ғали тең бәсекелес емес, монополистік жүйеге негізделген, әубаста Еуропалық одақтың аналогы ретінде құрылған Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі тізгіншісі – Владимир Владимиричтің әлемдік аренадағы агрессиясы – оның саяси карьерасына тықыр таянғанын айтады.


Әзімбай Ғали, саясаттанушы

-Бұрын Путин жақсы тактик еді. Қырымды Украинадан бөліп алып, Ресейге дымын шығармай қосты. Бірақ Путин жақсы  стратег емес-тін.  Путиннің бұл қадамы өзіне және Ресейге зауалды болып шықты. 2014 жылғы Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын, заңсыз қосып алған Украина территорияларын Батыс елдері бірлестігі заңсыз деп тапты. НАТО әскери-саяси ұжымы мүшелері Ресей саясатын  Украина жеріне жасалған басқыншылық деп бағалады. Батыс елдері және олардың одақтастары Ресейге қаржылық, экономикалық, технологиялық санциялар салды. Ресей басқыншылары Украинада сепаратистер күшімен гибридтік аралас-әскери партизандық қосындар тактикасын пайдаланды. Ресей басшылығының жетегінде жүрген сепаратистер Малайзияның пассажирлік ұшағын атып түсірген еді. Сонымен Батыс елдері қауымдастығы үшін Ресейді нағыз агрессорға (изгой) айналды. Ал Малазия ұшағының обалына басқа-басқа емес, тап осы Путин қалатын түрі бар. Олай болса Путинді халықаралық сот күтіп тұрғаны анық. Енді  Путиннің Гитлерден айырмасы жоқ болды. Сонымен Ресейдің жағдайы мүшкіл тартты, экономикасы тығырыққа тірелді. Ресейдің ІЖӨ (ВВП) 10-11- орынға түсіп, әлемік рейтингте Ресейдің ІЖӨ (ВВП) көлемі Бразилиядан төмендеп Испанияның деңгейіне жақындады. Кезіндегі Ресейдің экономикалық өрлеуі Гайдар реформалары және мұнай бағасының көтерілуі рейтингте Ресейдің беделіне жұмыс жасаған-тын. 2014 жылғы Ресейдің Украинаға бастаған соғысынан кейін Ресей халқының тұрмысы жыл санап төмендеп келеді. Анығында Ресейдің экономикалық дағдарысы орыс халқының наразылығын тудырады, Ресей өз күйреуіне бет алды.

1858 жылғы Айгун және 1860 жылғы Пекин келісімдеріне сәйкес Ресей Қытайдың екі ірі өлкесін тартып алды.Оның алдында Қытай әскери – саяси  үлкен дағдарысқа түскен. Апиын соғыстары мен тайпиндер көтерілісі Қытайды үлкен дағдарысқа ұшырауының көп себептерінің бірі ғана болатын.

Ресейден басқа алып державалар Қытайдан тартып алған жерлерін қайтарып берді. Ең соңғы болып Ұлыбритания өз отарын Қытайға қайтарды. Ресей Украинадан Қырымды тартып алды, сондықтан халықаралық құқықты Европа территориясында бұзды. Олай болса Германия Калининград облысына( бұрынғы Пруссияға) дәмелі. Сондықтан Германиядан Қытайға айырылып қалған  екі өлке туралы ескі карталар жіберілуде. Айгун және Пекин келісімдеріне астарлы меңзеу. Осы себептер бар және басқа факторларға байланысты Қытай Ресейге жылы қабақ танытпайды. Не несие бермейді, не пәлендей инвестиция жасамайды. Батыс пен Қытай Ресейдің толық дағдарысқа түсуін күтуде. Кейін Ресейді талан-таражыға салатыны сөзсіз. ҚХР Айгун және Пекин келісімдеріндегі айырылған жерлерді, ал Германия Пруссиясын қосып алуға тарысады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550