Орыс жастары арасындағы қазақ тілі білгірлерінің X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай X республикалық «Тіл-парасат» байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Шара Алматы қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында (Құрманғазы көшесі 40) 2016 жылдың 24 қарашасында болады.
Шараның мақсаты – орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарын анықтап, оларды ынталандыру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, тіл мәдениетінің деңгейін, беделін арттыру.
Байқауға 18-22 жас аралығындағы облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жүлдегерлері қатысады.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғысхаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталатын болады.
Байқау жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталады.
Байланыс телефондары: 8/7172/ 40-83-97, 87023768400
Абай-ақпарат