Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3045 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 10:31

Тәуелсіздік тойын Ақорда ғана атап өте ме?!.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Қазақстан президентінің резиденциясы Ақорда маңына қойылған ерекше жазу Қазнетте қызу пікірталас тудырды деп хабарлайды Sputnik -Қазақстан.

Ақорда маңындағы оғаш жазу Қазнетте қызу пікірталас тудырды«Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» деген жазу Ақордаға қаратылып жазлыған, ал оны бері жағынан көретіндер жазуды терісінен оқиды.

«Ақорда маңындағы жазу туралы айтар болсам. Менің білуімше, жұмыс әлі аяқталған жоқ. Бүкіл конструкцияны орналастырғанша, жұрттың көзінен таса болуы үшін осылай қойған ғой», — деп жазды Астана әкімінің кеңесшісі Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жазу туралы пікірін әзіл-қалжыңмен айтуда.

«Шыдай алмай, әріптерді жасаумен айналысатын компанияға хабарластым. Олар жұмыстың әлі аяқталмағанын айтты. Яғни, жазуды Ақорда жағынан ғана емес, бер жағынан да оқи алатын боламыз. Әріптер қазір дайындалып жатыр. Бәрі де жаман бола бермейді ғой», – деп жазған Facebook қолданушысы Назымгүл Күмісбаева мәселенің басын ашты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550