Жексенбі, 4 Қазан 2026
Мәйекті 4664 0 пікір 14 Қараша, 2016 сағат 07:27

"НИДЕРЛАНДИЯДА ГОЛЛАНД ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕМЕЙТІН ШЫҒАРМЫН"

 

Атырау облысының әкім Нұрлан Ноғаев Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян Коппен кездесті. 

Кездесу басында елші мырза облыс әкіміне орыс тілінде сұхбаттасуды ұсынды. Нұрлан Ноғаев бұл ұсынысты қабыл алмады.

"Біз Қазақстандамыз ғой. Мысалы, мен Нидерланд еліне барар болсам, қасыма голланд тілінде сөйлейтін аудармашыны ертіп апарамын, сондықтан, қазір қазақ тілінде әңгімелесуге мүмкіндігіңіз болмаса, келесіде қазақша сөйлесуге келісейік", – деді Нұрлан Ноғаев.

Кездесу барысында Дирк Ян Коп Нидерланд корольдігінің Атырау облысымен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екендігін айтты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 651
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 919