Сенбі, 23 Қараша 2024
Дода 3872 0 пікір 13 Қараша, 2016 сағат 00:00

Бағыт – айқын, мақсат – анық

Елбасы Н.Назарбаевтың мемле­ке­тімізді өркендету жолындағы саясаты бүгінде көптеген мемлекеттер үшін үлгі болуда. Қазіргі таңда әлемдік қоғамдастық Қазақстанның ұстанған саясатын, халықаралық бағыттағы қол жеткізген жетістіктерін мойындап, біліп отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері алып қарайтын болсақ, елімізде Елбасы саясатының арқасында көптеген ірі реформалар, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени, рухани салалардағы маңызды шаруалар жүзеге асырылды. Саяси сарапшылар Қазақстанның аз уақыттағы жетістіктерін елдегі тұрақтылық, ұлтаралық достық пен толеранттылықпен байланыс­тырады.    

Мұның ерекше мәні бар. Себебі, тұрақтылықты өз дамуының негізі етіп алмаған елдің болашағы да бұлыңғыр болатыны айдан анық. Елбасы – халқын шын сүйетін, перзенттік парызына адал, елін бірлік пен ынтымаққа ұйытумен келе жатқан тұлға.  Еліміздің даму діңгегіне айналған Ұлт жоспары – ұлт пен ұлыстарды ұйыстыратын, өткір де ұтқыр идеяға құрылған ортақ іс. Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформа жалпыжұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген лайықты атқа ие болды.

Бұл жаңа Ұлт жоспарының көкжиегі кең, маңызы мен нәтижесі орасан зор екенін айғақтайды. Қазақ елі күн санап көркейіп, дамып келе жатқаны ақиқат. Елба­сының реформалық бағдары және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуіндегі тездеткіш себепкері. Осы жүйелі жоспарда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына да баса назар аударылған.

Бүгінде мемлекеттің басты мақ­саты – әлемдегі бәсекеге қабі­летті 30 елдің қатарына ену және Эконо­микалық ынтымақтастық пен даму ұйымына мүше елдердің стандарттарын  Қазақстанда да енгізу болып табылады.

Әлемнің ірі алпауыт елдері осындай ұзақ мерзімді стратегиялық даму жүйелері арқылы заңның үстемдігін мызғымас қағида ретінде халықтың санасына берік енгізіп. Сол арқылы олар ешкім күтпе­ген өркендеуге, құқықтық тәртіпке қол жет­кізді.

Осы ретте, осы бес реформаның біреуі – меншік құқығына кепілдік беретін, кәсіп­керлік қызмет үшін, келісімшарттық міндет­темелерді қорғау үшін жағдай жасайтын заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесіне реформа жүргізу. Бұл, бір жағынан, «Қазақстан-2050» стратегиясын тиімді әрі нәтижелі жүзеге асырудың маңызды бір тетігі болса, екінші жағынан Ата Заңымызда жария етілген құқықтық мемлекет құрудың негізгі ұстанымы болып табылады. Бұл – еліміздің экономикалық тұрғыда табысты дамуының бірден-бір кепілі. Бұл – Қазақстанда толыққанды нарықтық экономика қалыптасқанын және мемлекеттік саясатта сондай экономиканың басты қағидалары заң тұрғысынан қорғалатынын білдіреді. Заң үстемдігін қамтамасыз ету – заңдылық қағидасынан туындайтын түсінік қана емес, ол күнделікті өмірде құқықтық тәртіпті сақтаудың басты талабы. Кез келген салада – құқық қорғау, экономика, әлеуметтік, білім беру, кәсіпкерлік және т.б. салаларда заңдармен белгіленген құқықтық тәртіп орныққан. Сол тәртіпті сақтау заң үстемдігі қағидасынан бастау алады. Әсіресе, нарықтық экономикаға негізделген қоғамдық қатынастарда бұл қағиданың мызғымастығы экономиканы дамытуда шешуші маңызға ие. Президентіміз заңның үстемдігін қамта­масыз ету дегенде оның осы қырына назар аударды. Өйткені, Қазақстанның бүгінгі даму кезеңінде шағын және орта бизнесті дамыту, азаматтарымыздың іскерлік бастамаларына қолдау көрсету табысты дамуымыздың кепілі ретінде қарастырылады. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде өзінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жаңа деңгейіне көтерілді. Ендеше заңдарды қолдану, орындау жүйесі де осыған сай болуы керек. Бұл ретте азаматтардың сот төрелігіне қол жетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, яғни бес сатылы жүйеден, үш сатыға көшу қаралаған. Соның арқасында істерді сөзбұйдаға салмай жылдам аяқтауға мүмкіндік туады. Ал соттардың ашықтылығы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп қана қоймай, жұртшылықтың сенімін нығайтуға тиіс.

Сонымен қатар судьялыққа үміткерлер де қатаң сүзгіден өтеді, енді олар бұрынғыдай сот алқасының ұсынысымен емес, 7 жыл бойы осы қызметке лайықты екенін дәлелдеген соң барып тағайындалады. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді.

Неліктен судьяларға осыншама көңіл бөлініп отыр, мемлекетіміз демократиялық ел болғандықтан адамның құқығын, бостандығын, я кемітетін я төмен түсіретін тек қана сот шешімі, ол сот шешімін шығарытын жалғыз – Судья. Сондықтан судьяның біліктілігі мен парасаттылығы, заңдылығы осылай күшею керек. Ал инвестициялық даулардың сапалы қаралуы судьялардан бірқатар тиісті салалар мен құқықтық институттарға арнайы бейімделген білімділікті, жалпы алғанда, дауларды шешуде неғұрлым практикалық тұрғыда машықтануды талап етеді.

Бұл салықтық, кедендік, жер қойнауын пайдалану, қоршаған ортаны, зияткерлік меншікті, бәсекелестікті және табиғи монополияларды қорғау, тағы басқа да дауларға қатысты болады. Сот жүйесінің алдында тұрған өзек­ті мәселенің бірі – кәсіпкерлік субъек­тілері қатысатын сот істерінің қаралуын жеделдету, сот өндірісін жеңілдету, төрешілдік ресімдерді азайту.

Елімізде жаңа заңнамалық реформалар әр жылдары табысты жүргізіліп келеді. Соның бірі – Азаматтық процестік кодекстің (АПК) жаңа жобасы.

Жобаның мақсаты – азаматтардың конституциялық құқықтарын, заңды тұлғалардың мүдделерін сотта қорғауға бағытталған заңнаманы жаңғырту. Жаңа редакцияда азаматтық қатынастардың барлық салаларында құқық үстемдігі қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы кодексті қайта қарау қазіргі заманның жаңа талаптарына сәйкес, азаматтық процесті кешенді түзетудің айқын қажеттілігінен туындады. Сот органдарының тәуелсіздігін нығайтып, әділеттілікке қол жеткізу мүмкіндіктерін барынша кеңейтеді. АПК жобасының жаңа редакциясында сотта бітімгерлік ресімдерді қолдануды жетілдіру, сот ісін жеңіл әрі жедел жүргізу, сот актілерін жоғары сатыларда қайта қарау мәселелері айқын көрініс тапқан. Сондай-ақ, дауларды реттеудің соттан тыс және сотқа дейінгі тәртібі жаңа тұрғыдан тұжырымдалған. Жаңа редакцияда талапкердің процестік құқықтары мен міндеттерін сақтау мақсатында міндетті өкілдік ету институтын енгізу көзделген. Осы ретте, талапкерге өкілдік етушілердің жоғары заңгерлік білімінің болуы міндеттеледі.

Сонымен бірге, Жоғарғы Сотта Әкімшілік процестік кодекстің жаңа жобасын әзірлеу жұмыстары да жүргізілді. Бұл кодекс құқықтық дауларды жария түрде шешудің жаңа тетігі болып табылады. Мұндайқадам өзара іс-қимылбарысында мемлекеттік органдар тарапынан қысым жасаушылықтың жолынкеседі.

Осы заң жобасы аясында, сот туындаған қатынастарды реттейтін заңнаманы мұқият зерделейді, тараптардың барлық мүмкін болатын әрі жеткілікті дәлелдемелер ұсынуын қамтамасыз етеді. Сондайақ,тарап тардың өзара бітімге келу шараларын қабылдауы тиіс.

Жаңа кодексте жариялықұқықтықсипаттағы кикілжіңдерді шешудің тәртібі реттеледі. Әкімшілік әділетжүйесі лауазымды тұлғалар мен басқару органдар тарапынан болатын кез-келген тәртіпбұзушылықтың алдын алып, жедел әрі тиімді шешуді көздейді. Бұл тетіктер мемлекеттік басқарудыңсапасын айтарлықтай жақсарта түседі.

Аталған жоба әкімшілік сот ісін жүргізуді құқықтық реттеудің бүкіл әлемдік тәжірибесіне сәйкес әзірленгенін.

Жалпы алғанда, заманауи талапқа сәйкес, республикамыздың сот жүйесінде электронды сот өндірісін енгізу жұмыстары қарқын алды. «Сот кабинеті» жүйесі арқылы «Сот құжаттарымен танысу» сервисі, сот процестерін бейнедыбысжазбажүйесі, СМС және электронды хабарламалар тарату секілді жобалар жүзеге асырылуда.Ел келешегінің табысты болуы­на жетелейтін бұл құжат ағым­дағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие. Біріншіден, Ұлт жоспары Елбасымыз Н.Назарбаевтың жаңғырту үдерісінің үздіксіздігі мен бөлінбестігін, мемлекет пен қоғам дамуының шынайы сабақтастығын айқындайтын басқарушылық стилін барынша үздік түрде бейнелейді. Президент мемлекеттің иммундық жүйесін тұрақты түрде нығайтып отыру керектігін айқын түсінеді. Осы тұрғыда, «100 қадам» – «Қазақ­стан-2050» стратегиясында және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында қаланған шешуші басым­дық­тарды жүзеге асырудың нақты жол нұсқаушы картасы. Бағыт – айқын, мақсат – анық, яғни алдымызда Ұлт жоспарындағы рефор­маларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру мен нақты мақсат­тарға қол жеткізу міндеті тұр. Бұл орайда, Елбасының: «Бес рефор­маның әрқайсысы бойынша 20 қадамнан болып, жалпы есебі – 100 қадам жүзеге асырылады. Бұл жұмыс оңай емес, бұрын-соңды жасалмаған. Сондық­тан да, барлығымыздан интеллек­туалдық жігер, жақсы жұмыс талап ету жігерленеді, әрі жауапкершілік жүктейді.

Мемлекет басшысының сарабдал саясатының нәтижесінде біз дағдарыстан дамуға, яғни қиын-қыстау уақытқа қарамастан, өсіп-өркендеуге белді бекем будық. Елбасымыздың реформалар жоспарын Ұлт жоспары деп атауы да тегін емес. Бұл ауқымды реформаларды жүзеге асыру үшін әрбір азамат, азаматтық қоғам тікелей атсалысу­лары керек. Реформаларды жүзеге асыру арқылы біз ұлттық сананы өзгертеміз, ота­н­шыл­дықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, тәуелсіздігімізді мәңгілік етеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1489
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5531