Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 3519 0 пікір 11 Қараша, 2016 сағат 10:49

"ПЕДОФИЛДІҢ ТАҒДЫРЫH ӘЙЕЛ ПРОКУРОРДЫҢ ҚОЛЫНА БЕРУ КЕРЕК"

Бас прокурор Жақып Асанов адам зорлау қылмысына қатысты істерді әйел прокурорларға беруді тапсырды, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз осы жерде отырып өңірлерде не болып жатқанынан хабарсызбыз. Ішкі істер министрлігі де білмейді ондағы жағдайды. Бірде-бір ішкі істер департаментінің басшысы, облыс прокуроры бізге хабарласып, осы проблема туралы айтпайды. Жәбірленушілерді қалай қорғануы керек, міне осы турасында тиісті ұсыныс әзірлеңіздер. Осы қылмыс түрінен бастайықшы. Кейін осы бағытта үлкен шараларды жүзеге асырамыз. Біз адамдарға сауатты түрде құқығын қалай қорғау қажеттігін үйретуіміз керек. Осындай қылмыстық істерге әйел прокурорларды бекітейік», - деді ол.

Осы орайда Жақып Асанов әйел азаматтардың баршылық екенін атап өтті.

«Бізде әйел азаматтар жеткілікті. Егер аз болса, оларды жұмысқа қабылдайық. Бұл - бірден орындауды талап ететін маңызды іс. Артық шығынды, күш жігерді, ақылды талап етпейді. Облыс прокурорлары, мен сіздерге айтып отырмын. Сіздерге уақыт беремін. Осы аптаның ішінде жоғарыда аталған қылмыс бойынша тиісті шараларды қолға алуларыңыз керек. Сондай-ақ, осындай істерді ер прокурорларға беруді доғару керек», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін бас прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен алқа отырысы өтті. Онда кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан қорғауға бағытталған жобаны іске асыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522