Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 4098 0 пікір 11 Қараша, 2016 сағат 10:17

Шавкат Мирзияев Өзбекстан Қаһарманы Абдулла Ариповты жерлеу рәсіміне қатысты

Өзбекстан Қаһарманы, халық ақыны, Өзбекстан әнұранының авторы Абдулла Арипов Ташкенттегі "Шағатай" зиратына жерленді. Арипов 75 жасында америкалық Техас штатындағы Хьюстон қаласының ауруханасында 5 қарашада көз жұмған еді.

Марқұмның денесі 8 қарашада Нью-Йорк қаласынан ұшақпен Мәскеуге, ол жерден өзбек үкіметінің арнайы ұшағымен Ташкентке жеткізілді. Ариповтың денесін Ташкент облысы Қыбырай ауданындағы Дүрмен ауылында шығарды.

Халық ақынын соңғы сапарға шығарып салуға Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев және өзбек үкіметінің жоғары лауазымды барлық дерлік шенеуніктері қатысты.

Марқұмды жерлеу рәсіміне жүздеген адам жиналды. Жол күзеті автокөліктердің ұзын-сонар кезегін бақылап тұрды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 570
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 828