Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2572 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 15:38

Шаруалар марапатқа ие болуда

Ауыл шаруашылық саласына деген мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде шаруасын дөңгелетіп, нәпақасын осы саладан айырып отырған ағайындар аз емес ауылда. Міне, бодандықтан босағанымызға 25 жыл толуына орай тынымсыз тірлігінің арқасында жетістіктерге жеткен шаруаларды құттықтау әр ауданда көрініс беруде. Сондай қуанышты сәттердің бірі Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында да көрініс берді.

Осы ауданның Қоғалы ауылдық округі Ұзынарық ауылында тұратын Мықтыбек Оспанов 2015 жылы «Ырыс» қаржы ұйымынан 3 миллион теңге несие алып, мал бордақылау ісін бастаған болатын. Ауылда өскен ұл емес пе, малдың жайын, мал бордақылаудың бабын білетін Мықтыбек үшін бұл шаруа таңсық емес еді. Дегенмен, жалқаулықты жеңбейінше жетістікке жету қиын. Осыны мықтап санасына құйған Мықтыбек бастаған шаруасына білек сыбана кірісті. Нәтиже де жоқ емес. Қазір оның қорасында 50-ге жуық ірі қараның басы құралып қалды. Ал, көрші ауыл – қорғандық Турсумбай Зайтенов тәуекелге барып алған 5 миллион теңге несиеге сатып алған малын бордақылаудың арқасында әр малы күніне 700-800 граммға дейін салмақ қосады екен. Бұл екеуі де тындырымды тірліктерінің арқасында жергілікті атқарушы билік тарапынан лайықты марапатқа ие болып отыр.

Тындырымдылықтарының арқасында тұрмысын түзеп жатқан осы секілді ауыл тұрғындарының қатары қуанышқа қарай артып келеді. Мәселен, жоғарыда айтылған «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы осы Төлеби ауданының өзінде жалпы құны 143 миллион теңгені құрайтын 45 жоба мақұлданған. Оның 38 жобасы қаржыландырылып үлгерген. Демек, осынша отбасы тұрақты жұмыс көзін тауып, кәсібін дамытады деген сөз. Ал ет өнімі ұдайы қолданылатын тағам есептеледі. Сол себепті, оны өткізу жағына қатты уайымдамай-ақ қойса да болады.       

Шадияр Молдабек

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5496