Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Экономика 4204 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 00:00

Көпір салуға кететін шығындар 30%-ға азаяды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «БЖК-2020», «Нұрлы Жол» бағдарламалары мен ГПИИР-дің 2015-2019 жылдарғы екінші бесжылдығы құрамына енген әрі қала әкімдігінің қолдауына ие болған кәсіпорындарды аралап көрді.

Мысалы, «АЗМК» ЖШС-нің басшылығы қала әкіміне темірбетон өнімдері мен конструкцияларды жасап шығаратын жаңа жоғарытехнологиялы қондырғыларды көрсетті. Зауыт арнайы қондырғылар арқасында көпір құрылысына қажет постылық тіреулердің құнын 30 пайызға арзандатқан және өнім барынша сапалы.

«Біз сапа сертификатын алдық әрі түрлі елдің 60 тәуелсіз сарапшыларын шақырып, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Олар біздің жасаған технологиямыздың бюджетті 30 пайызға үнемдейтіні жөнінде қорытынды жасады. Егер ресейліктер НК-120 қондырығысымен жұмыс істесе, біздің балкілер НК-180 арқылы орнатылады. Бұл Европ алық сападан жоғары. Оның үстіне тіреуіштердің салмағы төмен, қуаттылығы жоғары. Бұл созылмалы болат арқандар арқылы жүзеге асады. Біз кез- келген жобаға сай болатын қажетті ұзындықтағы балкілерді жасай береміз, өнімнің арзан болуы да сондықтан» , - деп атап өтті кәсіпорын басшысы Шухрад Шардинов .

Бұлардан өзге зауыт су арналарын бекітетін өзіндік құны жағынан төмен жоғары сапалы заттарды да шығарады. Соның арқасында кәсіпорын бордюлерді арықтар мен оның жағалауларын берік ететін өнім шығаратын 5 кәсіпорын арасында үздік деп саналады. Бүгінде кәсіпорындағы 5 адам арықтар үшін қажет 1000 плиталарды шығарады, өзге жерлерде 100 плита шығарумен 25 тен 50 адамға дейін айналысады.

«Сапалы әрі арзан өнімнің арқасында бізге өзге қалалардан тапсырыс берушілер де көп. Бізден 2600 км қашықтықта жатқан Атырауға да өнім жібереміз, ал ол қалада 2 темірбетон зауыттары бар», - деді Ш.Шардинов.

«Субсидия бағдарламасына қатысты қала қажетті қолдауды көрсететін болады.Барынша сапалы әрі арзан өнімдеріңіздің арқасында сіздер ескі үйлерді сүру бағдарламасына да қатыса аласыздар. Келер жылы жағалауларды, бордюрлерді мықтылау бұйымдарын сатып алу жспарлануда. 4 жаңа желіні сатып алу барысында өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тапсырысты көбейтіп, өнідірісті дамытып келесіздер», - деді әкім.

Қала басшысы бұдан соң «Ескі үй», «Нұрлы жер», бағдарламаларына қолдау білдірген, 2010 жылы құрылған, құрылыс материалдарын шығаратын «Нұрсапа бетон» зауытында болды.

«Біз цемент пен бетон шығаратын зауыт салдық. Оның өнімділігі сағатына 110 текше. Біздің қондырғыларымыз түгелдеей дерлік европалық және халықаралық стандарттарға сай. Барлық сыныпты бетон шығарамыз,өте жоғары – 650, тіпті 700-750 сыныптыны да шығара аламыз. Біз тапсырыс берушінің барлық талаптарын қанағаттандырамыз. Түрлі құрамдағы бетонды жасаймыз», - деді «Нұрсапа бетон» ЖШС директоры Асан Шаймаханов.

Қазіргі кезде зауыт бетонның 36 түрін шығарады, соның ішінде үлкен сұранысқа ие әрі экологиялық жағынан таза керамзит-бетоны әрі ол 9 баллдық сілкініске де төтеп береді.

«Қазір біздің жұмыспен қамтылуымыз – 30%, бұл жақсы нәтиже, қазан айында ғана ашылдық, 106 млн. теңге болатын 8,5 мың текше бетон шығардық. Ай сайын 6 мың текше бетон шығаруды жоспарлаудамыз. Кеткен шығынды бір немес 1,5 жыл ішінде жабамыз, қондырғылар 15 жылға дейін үздіксіз жұмыс істейді. Біз қыс айында толық күшімізге енеміз деп жоспарлаудамыз, өйткені бізде ыстық су, бу, қажеттілердің барлығы бар. Қыс кезінде көптеген шағын зауыттар тоқтап қалады, ал біз қуаттылығымызды арттырамыз» , - деді А.Шаймаханов.

Қазіргі кезде кәсіпкерлікті қолдау Картасына екінші бесжылдықта жалпы құны 175,3 млрд. болатын 80 жоба енген. Бұл жобалар жүзеге асса 11 374 жаңа жұмыс орны пайда болады. 2015 жылы құны 4,7 млрд. теңге болатын 7 жоба жұмыс істей бастады және 269 жұмыс орны пайда болды.

Кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында құны 32,2 млрд. теңге болатын 21 жоба іске асып, 2262 жұмыс орны ашылды.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051