Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2946 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 14:48

FBI Хиллари Клинтонға айып тақпайды

АҚШ Федералдық тергеу бюросының (FBI) директоры Джеймс Коми конгресте таяуда Демократиялық партияның жаңадан электрондық хаттары жариялануына байланысты жүргізілген тергеу ведомствоның шілдеде Хиллари Клинтонға қатысты білдірген ұстанымын өзгертпеді деп мәлімдеді.

FBI Демократиялық партияның президенттікке кандидаты Хиллари Клинтонға мемлекеттік хатшы болып тұрғанында жеке электрондық поштасын қолданғаны үшін айып тағу қажет деп санамайды.

28 қазанда Коми конгреске Клинтонға қатысы бар жаңа электрондық хаттардың табылғаны туралы хат жолдаған. Оның нәтижесінде Клинтонның Трампқа қарсы сайлауалды кампаниясы 8 қарашадағы сайлауға екі апта қалғанда қысымға ұшыраған. Қоғамдық пікірге жасалған сауалнама қорытындысы бойынша, Клинтон Трамптан бұған дейінгі басымдығының бір бөлігінен айырылған.

Дональд Трамп Клинтонды жеке электрондық поштасын пайдаланды деп айыптап, оны құпия ақпаратқа салғырт қарағаны үшін жазалау қажет деп мәлімдеген.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434