Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3393 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 06:22

Қорғанбек АМАНЖОЛ. Ұлттық театрымыз бәсекеге қабілетті болсын

Театр қай кезде де халықтың ұлт ретінде ұйып, өсіп-өркендеуіне ықпал ететін ұлы күш екендігі әбден мойындалған ақиқат. Тіпті кешегі кеңес заманына көз салсақ та қазақ халқының асқақ рухы, көркем де бай тілі, ежелгі салт-дәстүрі нақ осы қазақ театрларында ғана жоғалмай сақталып келгенін байқар едік. Осы ретте қазір елімізде артық-кемі жоқ алуан тілде сөйлейтін 50 театр жұмыс істеп тұрғандығын үлкен жақсылық нышанына баласақ керек. Әлбетте, бұл  театрлардың көркемдік дәрежесі тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесі мен абырой-беделіне сай болуы өзінше бір бөлек әңгіме.
Президент Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың жалпы мәдениет пен өнер¬ге, оның ішінде өркениеттің аса бір өрелі белгісі саналатын театр¬лары¬мызды өркендетуге айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Елбасының биыл¬ғы сәуір айында театр қайрат¬кер¬лерімен кездесуі айрықша маңызды оқиға болғандығы мәлім. Осы кез¬десу барысында Нұрсұлтан Әбіш¬ұлы: “Отандық театрлардың репер¬туарына тәуелсіздіктің биік талап¬тарына сай, осы заманғы тақырып¬тарға жазылған, көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесаларды көптеп алу керек”, деп атап көрсетіп, сахна өнерін жаңа биіктерге көтеру жөніндегі негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп берген еді.

Театр қай кезде де халықтың ұлт ретінде ұйып, өсіп-өркендеуіне ықпал ететін ұлы күш екендігі әбден мойындалған ақиқат. Тіпті кешегі кеңес заманына көз салсақ та қазақ халқының асқақ рухы, көркем де бай тілі, ежелгі салт-дәстүрі нақ осы қазақ театрларында ғана жоғалмай сақталып келгенін байқар едік. Осы ретте қазір елімізде артық-кемі жоқ алуан тілде сөйлейтін 50 театр жұмыс істеп тұрғандығын үлкен жақсылық нышанына баласақ керек. Әлбетте, бұл  театрлардың көркемдік дәрежесі тәуелсіз Қазақстанның әлем алдындағы мәртебесі мен абырой-беделіне сай болуы өзінше бір бөлек әңгіме.
Президент Нұрсұлтан Назар¬баев¬тың жалпы мәдениет пен өнер¬ге, оның ішінде өркениеттің аса бір өрелі белгісі саналатын театр¬лары¬мызды өркендетуге айрықша көңіл бөлуі тегін емес. Елбасының биыл¬ғы сәуір айында театр қайрат¬кер¬лерімен кездесуі айрықша маңызды оқиға болғандығы мәлім. Осы кез¬десу барысында Нұрсұлтан Әбіш¬ұлы: “Отандық театрлардың репер¬туарына тәуелсіздіктің биік талап¬тарына сай, осы заманғы тақырып¬тарға жазылған, көркемдік сапасы жоғары жаңа пьесаларды көптеп алу керек”, деп атап көрсетіп, сахна өнерін жаңа биіктерге көтеру жөніндегі негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп берген еді.
Елбасымыз мән берген осынау маңызды мәселе зиялы қауым мен өнер қайраткерлері, жазушылар на¬за¬рынан да тыс қалмады. Соның бір айғағындай, кеше Алматы қала¬сында “Бүгінгі күн: қазақ дра¬ма¬тургиясы және театр репертуары” тақырыбымен өткен Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті ІІІ пленумында қазіргі қа¬зақ драматургиясын өркендетудің жолдары мен театр репертуарын жандандырудың көкейкесті мәселелері жан-жақты талқыланды.
Пленумды ашқан Қазақстан Жа¬зушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин: “Рес¬публикадағы театр өнерінің елі¬міз¬дің бүкіл әлем таныған дәрежесіне сай өркендеуіне толық мүмкіндік бар. Бұл іргелі міндеттің жүзеге асуына қаламгер-драматургтеріміз де өз үлестерін қосып келеді, қо¬су¬ға тиіс. Өйткені, театр өнерінің қай¬нар көзі мен арқауы – ұлттық драматургия”, дей келе, жалпы әлем¬дік және ұлттық театр тарихы¬на қысқаша экскурс жасап, пле¬нум¬ға қатысушыларды салиқалы да сындарлы талқылауға шақырды.
Негізгі баяндаманы жасаған жазушы-драматург, Қазақстан Жа¬зу¬шылар одағы драматургия кеңе¬сі¬нің төрағасы Сұлтанәлі Балғабаев көтерілген мәселенің қаламгер қауым үшін ғана емес, еліміздің мә¬дениеті мен өнеріне жаны аши¬тындардың барлығы үшін айрықша маңыздылығына тоқталды. “Театр киімілгіштен басталады”  деген қа¬натты сөз бар. Әрине, ол да дұрыс. Бірақ, ең бастысы, театр репер¬туар¬дан, яғни драматургиялық шығар¬ма¬дан бастау алады. Қай театрдың болсын репертуарлық саясаты әуелі өз елінің рухын асқақтатуды, өз халқының өмірін көрсетуді мақсат етуі тиіс. Кім де болсын бірінші кезек¬те өз драматургтерінің, ұлттық авторлардың шығармаларын сахна¬лайды. Ал біздің қазақ театрла¬рын¬да өз драматургтерімізді көбінесе шет¬қақпайлап, шетел авторлары¬ның шығармаларын жиірек қоюға бейімділік байқалады.
Бұдан әрі баяндамашы кәсіби драматург пен дарынды режис¬сер¬лер арасындағы байланыстың ба¬рын¬ша азайғандығын тілге тиек етті. Оның есесіне драматургиядан хабары шамалы авторлардың сапасыз пьесаларын сахналау кө¬бейіп барады. Бұл ретте әсіресе, театр директорлары айрықша бел¬сенділік танытатын көрінеді. Олар өздерінің бұл әрекетін “жақсы пьеса жоқ, сондықтан өзіміз жаза¬мыз” деген сылтаумен ақтағысы келеді екен. Әйткенмен, ұлан-асыр, көл-көсір қазақ әдебиетінен жақсы пьеса табылмайды дегенге сену де қиын-ау. Тіл табысу, істің орайын келтіру азырақ десек жөн болар. Тіпті өткен жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы мемлекеттік грантына ие болып, үздік шыққан оннан астам белгілі дра¬матургтердің жаңа пьесалары¬ның да бір-екеуі болмаса, қалған¬дарына 50 театрымыздың сахнасы¬нан орын тимепті. Ендеше, сол театр тізгіндерін қолына ұстаған аза¬маттардың конкурстарда же¬ңім¬паз болған шығармалар театр сах¬наларында көптеп қойылуға тиіс”, деген Елбасы сөзін де елеме¬геніне не дерміз?
Баяндамашы осындай кемші¬лік¬тердің орын алу себебін театр¬ларды басқару жүйесіндегі олқы¬лық¬тарға әкеліп тіреді. Әлбетте, театр директоры, көркемдік же¬текші, көркемдік кеңес арасындағы үйлестікке жетпейінше, бұл олқы¬лықтардан арылу да қиын. Сон¬дық¬тан, толып жатқан игі ізде¬ніс¬тері мен жақсы талпыныстарына қарамастан, бүгінгі театр жұмысы заман талабына сай реформалауды қажет ететіні анық. Театр ұжым¬дық өнер болғандықтан, кәсіби драматург, мықты режиссер, да¬рын¬ды актер, жақсы суретші мен ком¬позитор сияқты сан-салалы топ күш біріктіріп, өз идеяларын бір ортаға тоғыстырып, ауызбірші¬лік¬пен жұмыс істегенде ғана жақсы нә¬тижеге жетпек. Театр репер¬туары¬на жаңа пьеса қабылдау қатаң талап, ашық бәсекелестік жолымен жүзеге асырылуы қажет. Бұл үшін театрда қойылатын әрбір жаңа пьесаны бір орталықтан қабылдап, бір орталықтан қаламақы төлеп реттеген жөн болар еді.
Одан әрі баяндамашы қазақ дра¬матургиясы мен театр репер¬туа¬ры¬на қатысты өзекті проблема¬лар¬дың біртіндеп реттеліп шешілуі орайында мони¬торинг жүргізу, жас режиссерлер мен жас драматургтер толқынын тәрбиелеу, пьесаларға лайықты қа¬ламақы төлеу, драма¬тур¬гиялық шығармаларға мемле¬кет¬тік конкурс жариялауды жалғас¬ты¬ру, драматур¬гия кеңесінің жұмысын жақсарта түсу мәселелерін орынды көтерді. Айталық, осы ретте Тұң¬ғыш Пре¬зи¬дент қорының жанынан жас драматургтер лабораториясы¬ның ашылуы құптарлық жағдай.
Белгілі театр сыншысы, про¬фес¬сор Бағыбек Құндақбаев театр¬ларда қойылып жатқан спектакль¬дердің көркемдік дәрежесінің төмен болатындығына өкініш біл¬дір¬ді. Сахнада қойылғанның бәрі “спектакль” деген атқа жауап бере алмайтындығына мысалдар келті¬ріп, ұлттық театрлар ұлттық шы¬ғар¬маларды қою керектігіне назар аударды. Алайда, біздің екі акаде¬миялық театрымыздың өздері де соңғы уақытта көбіне-көп аударма пьесаларға көбірек көңіл бөліп кеткен. Мұның өзі театрға деген шы¬ғармашылық талаптың бәсең¬дегенін көрсетеді. Ал облыс¬тардағы театрлардың не істеп, не қойып жатқандығында ешкімнің шаруасы жоқ. Сонымен бірге, көңіл бөлін¬бей, кенже қалып келе жатқан мәселелердің бірі – театр сыны.
Ғ.Мүсірепов атындағы акаде¬мия¬лық жастар театрының көр¬кемдік жетекшісі Талғат Теменов театр проблемаларының бүгін ғана туындамағанын, талай жылдардан бері қордаланып келе жатқандығын алға тартты. Театр проблемасы 30-50-ші жылдарда да болған, алдағы уақытта да бола бермек, дей келе, жа¬зушылардың театрға сирек ке¬ле¬тіндігіне, сөйте тұра сын айтатын¬дығына өз ренішін білдірмей қал¬ған жоқ. Жазушы-драматург, “Мәдениет” журналының бас редакторы Дулат Исабеков әлемдік драматургияның мәңгілік мәселе¬лерінен ой тербеді. А.Чеховтың ке¬зінде драматург ретінде мойын¬далмағанын, Лопе де Веганың “Шөп қорыған иті” бір жарым ғасырдан кейін ғана классикаға айналғанын тәмсіл қылды. Соны¬мен бірге, іс осылай бетімен кете бер¬се, енді 30-40 жылда қазақ әде¬биеті драматургсіз қалуы мүмкін деген қаупін көлденең тартты. Ендеше, біз неге өз драматург¬терімізді сыртқа тастап, өзгені төрге шығарамыз. Жарайды, драматургия жоқ бола қойсын, бізде осы намыс бар ма?.. деп ашынды жазушы аға¬мыз. Ұлтаралық достықты бірін¬ші орынға қойып, ұлттық мүддені ұмы¬тып кететінімізді шенеді. Пье¬салары Ресейдің Санкт-Петербург және Омбы театрларында қойы¬лып, енді алыстағы Кореяға жетіп, әлемдік деңгейге шыққан айтулы драматургтің ұлттық театр хақын¬дағы салиқалы ойлары ешкімді селқос қалдырмады.
Режиссер Әубәкір Рахимов Жазушылар одағының драматургия кеңесі мен театрлардың бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастыру қажет¬тігіне назар аударды. Қазақ жазу¬шы¬ларының пьесалары орыс театр¬ларында қойылуы үшін әуелі олар¬ды орыс тіліне жақсылап аудару, драматургтің режиссермен бірлесіп жұмыс істеуі тұрғысындағы ой¬ларын өрбітті.
Театр сыншысы, профессор Әшірбек Сығай жуырда ғана Түр¬киядағы халықаралық театр фес¬тивалінен оралыпты. Сонда көкейі¬не түйгені: қазақ драматургия¬сы¬ның, қазақ театрының әлемнің көп елдеріне қарағанда, өресінің биіктігі. Барымызды бағалай білейік, ре¬жиссерлеріміз бай қиял, шырқау шабыт иесі дәрежесіне жетсін деген тілек білдірді Әшекең. Жазушы-драматург Қалихан Ысқақ: “Осы біз драматургия жанрының техни¬ка¬сын ұмытып қалған сияқтымыз. Пьесаны жазғанда сағатқа қарап отыру керек, әрбір минөтті есептеу керек”, деп астарлай сөйледі. Дра¬матургия көң-қоқыстан арылты¬лып, жақсысы сұрыпталып алын¬сын. Әйтпесе, жақсы пьеса жоқ деген жай ғана салғырттық дегенге сайды үлкен жазушымыздың ойы. Ақын-драматургтер Исраил Сапар¬баев, Иран-Ғайып, ұйғыр жазу¬шысы Ахметжан Әшіри және басқа сөйлеушілер де өзекжарды ұсыныс-пікірлерін айтты.
Еліміздің Мәдениет және ақ¬па¬рат министрі Мұхтар Құл-Мұхам¬мед талқыланған мәселеге байла¬ныс¬ты кеңінен толғап сөйледі: “Ке¬зінде Елбасымыз бәсекеге қабі¬леттілік туралы ұлттық идеяны айт¬қан еді. Ол — экономиканың ғана емес, негізінен ұлттық өнердің, ұлттық мәдениеттің, ұлттық әде¬биет¬тің бәсекеге қабілеттілігі. Бүгін¬гі заманда біздің қазақ сияқты халыққа білім-ғылымның, парасат¬тың, руханияттың биіктігі керек. Осы биіктік ұлттық театрымыздан танылып, табылып отырса нұр үсті¬не нұр. Дулат Исабеков пьесасы¬ның шетел сахналарына жол ашуы біздің өнердің де бәсекеге қабілет¬тілігін айқын көрсетеді. Қазақ драматургиясында тоқырау ешқа¬шан болған емес, алдағы уақытта да болдырмаймыз. Жақсы пьеса¬лар¬ға “Тәуелсіздік толғауы” деген атпен конкурс жариялауымыз соны аңдатады”, дей келе, министр алқа¬лы жиында айтылған ой-ұсыныс¬тардың тұжырымын түйе айтты. Министрлік жанынан жеті адамнан тұратын Репертуар алқасы құ¬рылатын болады. Облыстық театр¬ларға да осы тараптан пьеса ұсыну қарастырылмақ. Театр мәселелерін жазатын журнал биылдан қалмай шығуға тиісті. Басқа тілдерден үздік пьесалар аударып, кітап етіп шы¬ғару¬дың да жағдайы жасалмақ. Театрға, жалпы әдебиет пен өнерге мемлекет қамқорлығы жалғаса түсу¬де. Тек марқайған мәдениеті¬міз¬ді өсіру үшін әдебиет пен өнер¬де, театрда бір ғана өлшем болсын. Ол өлшем – талант, деп түйді ойын Мұхтар Абрарұлы.
Жазушылар пленумы талқылан¬ған мәселе бойынша қаулы қабыл¬дады. Пленум жұмысына Прези¬дент Әкімшілігі бөлім меңгеруші¬сінің орынбасары Әлібек Асқаров, Мәдениет және ақпарат министр¬лі¬гінің комитет төрағасы Бауыржан Омаров қатысты.

 


Қорғанбек АМАНЖОЛ.
«Егемен Қазақстан» газеті  30 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313