Сенбі, 23 Қараша 2024
Қорған 6386 0 пікір 31 Қазан, 2016 сағат 16:20

КЕЙКІ БАТЫРДЫҢ БАСЫ ҚАШАН ЖЕРЛЕНЕДІ?

Антропологиялық сараптама жасау үшін 12 қазанда Венгрияның жаратылыстану мұражайына жіберілген Кейкі батырдың бас сүйегін Алматыға әкеліпті деп жазады, azattyq.org. Бассүйек ол жаққа батырдың бет-бейнесін қалпына келтіру үшін жіберілген екен. Ал, батырдың бас сүйегі қашан және қайда жерленетіні әлі белгісіз. Орталық мемлекеттік мұражай директоры Нұрсан Әлімбайдың үкімет батырдың жерлеу мәселесін шешкенше бассүйегін Орталық мұражайда сақталады депті. Әзірге Үкіметтің Кейкі батырдың бас сүйегін жерлеуге қатысты қандай шешім жасағаны яки бұл мәселені кімдер, қалай талқылап жатқанынан хабар жоқ.

Бұрынғы прьемер министр, қазіргі ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов тамыз айында Ресей прьемер министрі Медведевпен кездесуде Кенесары хан мен Кейкі батырдың бастарын елге қайтару мәселесін көтеретінін твиттерде жариялап, сол кезде қоғамда үлкен әңгімеге негіз болған. Содан Ресей тарабы қазан айының басында Кейкінің бас сүйегін Қазақстанға қайтарған. Бірақ, Үкімет тарапынан батырдың бас сүйегін күтіп алу шаралары ұйымдастырылған жоқ. Үкімет мұндай тарихи сәтті ұтымды пайдаланбады деп сарапшылап да пікір айтқанымен Үкімет елең қылған жоқ. Сөйтіп, бассүйек Алматыдағы Орталық мұражайға жеткізілген еді. Қазір де сол мұражай тұр.

Кейкі (Нұрмағамбет) Көмекбайұлы, батыр, мерген, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Байтума қопасында дүниеге келген. Ол Торғайда қызыл әскер қолынан айуандықпен өлтірілген. Қазақстанға қайтарылғанға дейін батырдың басы Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақталып келген.

Нұра Матай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377