Жексенбі, 24 Қараша 2024
Деп жатыр 3938 0 пікір 27 Қазан, 2016 сағат 13:10

АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВТІҢ ІНІСІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА МЕДАЛЬ ҰТЫП АЛДЫ

Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлесіміз Евгений Ломанов қола жүлдені еншіледі.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді Евгений салды. Ол 77 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жұлқа көтеруде 140, серпе көтеруде 167 келіні көтеріп, қоссайыста 307 келіні бағындырды.

Ол 8 жасынан бастап ауыр атлетикамен айналысты. Бұған дейін биылғы жылы Шымкент қаласында өткен ҚР мектеп және колледж оқушылары арасындағы Спартакиаданың жеңімпазы атанса, жасөспірімдер  және жастар арасында Қазақстан чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Ауыр атлетикадан ҚР спорт шебері.

Қазіргі таңда Евгений Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың 11-сыныбында оқиды.

Ломановтың жаттықтырушысы Нұржан Смаханов, Арман Абдраев.

Енді ол келесі жылы болатын Әлем, Азия чемпионаттарына қатысуға дайындалады.

Abai.kz 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584