651 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖОҒАРЫ ЛАУАЗЫМДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
Мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі қалай жүзеге асырылады? Басшылық қызметке үміткерлер конкурстық комиссияның шешімдерімен келіспеген жағдайда не істеу керек? Мемлекеттік қызмет өтілі дегеніміз не?
Осы және басқа да сауалдарға бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінде өтетін брифингте агенттіктің мемлекеттік қызмет департаменті директорының м.а. Жарқын Тілеукенов, Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті директорының орынбасары Мақсат Мусин және Қазақстанның HR-менеджерлері қауымдастығының президенті Гүлмира Раисова жауап берді.
Ішкі конкурстар институты
2016-шы жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметтің маңсаптық моделі қолданысқа енгізілді. Бұл модельдің тиімді жұмыс істеуі үшін Австралия, Франция, Жапония елдеріндегі мемлекеттік қызметтің тәжірибесі негізге алынып, ішкі конкурстар институты енгізілді. Мұндай конкурстар екі кезеңнен тұрады.
Бос лауазым пайда болған кезде мемлекеттік орган ішкі конкурстың бірінші кезеңін өткізеді. Оған бірінші кезекте осы органның төменгі лауазымдарына ие қызметшілер қатысады. Мұндай амалдар мемлекеттік қызметшілерге өздерінің мансаптық ілгерілеуін ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік береді.
Ішкі конкурстың бірінші кезеңінде конкурсты жариялаған мемлекттік органның қызметшілерімен қатар оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатыса алады. Ол үшін төменгі лауазымдарда еңбек өтілі болуы шарт және бос лауазымның міндеттерін атқаруға сәйкес келетін білімі болуы тиіс.
Конкурстық іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Агенттікте және оның аумақтық департаменттерінде апелляциялық комиссиялар жұмыс істейді. Іріктеудің нәтижелеріне күмән келтірген үміткерлер осы комиссияларға шағым түсіруге құқылы. Бұдан бөлек олар сотқа да арыздана алады. Осы күнге дейін еліміз бойынша 10 мыңнан астам конкурс жарияланып, конкурстық іріктеудің әділ өтуіе күмән келтірген 30 адам апелляциялық шағым түсірген.
Мансаптық ілгерілеудің арқасында жыл басынан бері ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша төменгі лауазымнан жоғары лауазымға ауысқан қызметшілердің саны 2 512 адамға жетті.
Ішкі конкурстардың екінші кезеңі мемлекеттік қызметтегі тиісті еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіледі. Жыл басынан бері 651 мемлекеттік қызметшілер ішкі конкурстардың екінші кезеңі арқылы өтіп, жоғары лауазымдарға тағайындалған.
Конкурстың үшінші кезеңі, яғни жалпы конкурс, тек мемлекеттік қызметшілер арасында тиісті үміткерлер анықталмаған жағдайда ғана жарияланады. Оған барлық азаматтар қабылдана алады. Соның ішінде еңбек өтілі жоқ жоғары оқу орындарының түлектері де қатыса алады.
Мемлекеттік қызмет өтілін есептеу тәртібі туралы
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін есептеу мәселесі бүгінгі күнде ең өзекті мәселелердің бірі. Төрағаның блогы мен агенттіктің ресми сайтына келетін сауалдардың басым бөлігі нақ осы мәселеге қатысты.
Мемлекеттік қызмет өтіліне мемлекеттік органдардағы атқарылған қызмет өтілі кіреді. Мансаптық ілгерілеу барысында мемлекеттік қызмет өтілінің болуы басты шарт болып саналады.
Үстіміздегі жылдың шілде айынан бері лауазымдық жалақыны бекітуге құқық беретін еңбек өтілін есептеудің жаңа ережелері қолданысқа енгізілді.
Бұл ережелерге сәйкес, лауазымдық жалақыны бекітуге құқық беретін еңбек өтіліне әскери қызмет, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі, арнайы оқу орындарындағы және арнайы бастапқы оқыту орындарындағы білім алу мерзімі есептеледі. Алайда, еңбек өтіліне тек отандық білім ордаларындағы оқу мерзімі есептеледі. (ІІМ, ҰҚК, Бас прокуратураның Академиялары және таратылған қаржы полициясының академиясы).
Сонымен қатар, лауазымдық жалақыны бекітуге құқық беретін еңбек өтіліне мемлекеттік мекемелердегі басшылық қызметтердегі еңбек өтілі де қосыла алады. Бұл жерде мемлекеттік мекеме қатарына мемлекеттік заңды тұлғалар – мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар назарға алынады.
Мемлекеттік органдардың жолдауы бойынша оқу мерзімі, соның ішінде шетелде білім алу мерзімі, мемлекеттік қызмет өтіліне қосылуы мүмкін егер қызметші оқуға аттанар кезде мемлекеттік қызметте еңбек етсе және оқуы аяқталысымен мемлекеттік қызметке оралса.
Барлық мемлекеттік органдарда еңбек өтілін бекіту жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметшілер оған арыздануға құқылы.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» Заң күшіне енді. Ол «Кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру» аты бірінші институционалдық реформаны жүзеге асырудың заңнамалық негізін қалады.
Агенттік аталған Заңның және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін басқа да нормативтік-құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырады.
Abai.kz