Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Деп жатыр 3799 0 пікір 26 Қазан, 2016 сағат 11:01

ДЕПУТАТ CЕРГЕЙ ДЬЯЧЕНКО ДҮНИЕ САЛДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко ауыр науқастан қайтыс болды. Осыған байланысты Мәжілістің пленарлы отырысы бір минут үнсіздікпен басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі .

«Сергей Дьяченко Мәжілістің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарында депутат болды. Төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең ауыр науқастан қайтыс болды. Барлықтарыңыздың атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын», - деді Нұрлан Нығматулин.

Айта кетейік,Сергей Александрович Дьяченко 1952 жылы 18 қыркүйекте Ақмола облысының Шортанды елді мекенінде дүниеге келген. 1973 жылы Куйбышев жоспарлау иститутын экономист мамандығы бойынша, 1987 жылы Алматы Жоғары партия мектебін тәмамдады. Саясат ғылымының докторы. Қазақстан Республикасы Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болды. Ақмола облысы әкімі қызметін атқарды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1154
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 773