Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Қоғам 5942 0 пікір 14 Қазан, 2016 сағат 12:16

БАҚЫТЖАН САҒЫНТАЕВ ЕЛБАСЫНЫҢ ОРНЫНА ЕРЕВАНҒА БАРА ЖАТЫР

Бүгін Бақытжан Әбдірұлы Армения астанасында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысына қатысады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президентіне салқын тиіп, сырқаттанып қалуына байланысты оның орнына Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қатысатын болды.

Айта кетейік, 13-қазан күні Сенаттың пленарлық отырысынан соң Дариға Нұрсұлтанқызы Мемлекет басшысының денсаулығының жақсарып келе жатқанын хабарлаған-тын.

Ал 11-қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суық тиып, ауырып жатқанын жазған болатын.

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мырза Қазақстан Президентінің жоспарланған бірнеше Халықаралық кездесулерге бара алмайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2081
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4950
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4164