Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2825 0 пікір 6 Қазан, 2016 сағат 19:37

Ақшеңгелді ауылы малшылықпен пен диқаншылықты қатар игеріп келеді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған айтулы іс-шара Ақшеңгелді ауылдық округінде өтті. «Бақ қонған, құт дарыған  - ауылым» тақырыбымен өткен мерекелік шараға қатысқан тұрғындар ауылшаруашылығы өнімдерінің көрмесін тамашалады. Ауылдағы Мәдениет үйінің фоесінде «Ақ алтын» және «Егізқұм» жалпы орта мектептері мен «Динара» және «Қарлығаш» балабақша ұжымдары дайындағын қолөнер, салт-дәстүр, қылқалам, кітап көрмелері қойылды.

Мерекелік іс-шара ауыл жастарының флешмобымен басталды. Іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Арман Абдуллаев ауыл тұрғындарын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Құрметті жерлестер! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сара жолымен жүріп келе жатқанымызға 25 жыл толып отыр. Осы кезеңдердегі элеуметтік-экономикалық жағдайлардың барлығын да көз алдымыздан өткердік. Бүгінгі таңда дамыған елдердің қатарынан көрінуге нық қадам жасап келе жатқан Қазақстанды бүкіл әлем танып, мойындап отыр. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап жасап жатқан мерекелеріңізге құтты болсын айтамын, - деді Арман Айдарұлы.

Аудан басшылары мұнан кейін ауылшаруашылығы көрмесін аралады. Ақшеңгелді ауылы малшылықпен пен диқаншылықты қатар игеріп келе жатқан берекелі ауыл. Әсіресе, ауыл диқандары өнімнің барлық түрін егумен айналысып, нәпақасын Жер-анадан айырып келеді. Берекелі ауылдың молшылығы көрмеден де көрініс тапты. Шаруа қожалықтар Тәуелсіздіктің  25 жылдығына ауылшаруашылығы өнімдерінің 25 түрін шығарып, көрмеге ұсынды. «Рахым»  шаруа қожалығының төрайымы Аманкүл Найманбай интенсивті бақ ретінде отырғызған алмасы мен айвасын әкелген екен. Бағбан келіншек:

5 гектар алқапқа жеміс ағаштарын отырғызған едік, енді өнімін алып жатырмыз. Жаз бойы алма өнімдерін ауыл арасына қол жетімді бағамен өткіздік. Алмамыз әлі жас, алдағы уақытта өнім көлемі арта түседі деп отырмыз. Өнімді өткізуде ешқандай проблема жоқ, халық тәтті алманы жақсы алып жатыр, - деп аудан басшысын қожалықтың жай-күйімен таныстырып өтті.

Бұл жақсы болып қалды. Өзімізде өндірілген, қоспасыз, таза алманы той-томалаққа ешқайда сабылмай-ақ ауылдан алып жатырмыз, - десті көрмеге келген жұртшылық.

Аудан басшылары мұнан басқа да көрмеге қойылған «Алтынбек» қожалығының алмасын, «Тәжіхан» шаруашылығының қырықпа қауынын, «Салықбай» шаруашылығы өндірген жүзім, жержаңғақ  дақылдарын, «Орал» шаруашылығының қара дарбызын, «Бейбіт» шаруашылығының сәбіз, маш, пісте, пияз өнімдерін, «Жандос» шаруа қожалығының қызынақ, қияр, болгар бұрышы көкөністерін, «Шапағат» шаруашылығы өндірген бидай мен жүгерісін тамашалады. Сонымен бірге, Шымқаладағы «Мұзтау» дәмханасы аттай қалап алып отырған «Ақілгек» қожалығы дайындаған түйе қымыранына да жұртшылық көңіл аударып қарап, дәм ауыз тиді. Ауыл тұрғындары шығарған қолдың құрты мен сары майы да, қымызы мен қаймағы көрменің сәнін аша түсті десек болғандай.

Мәдениет сарайында ауылдың элеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық жұмыстардың ортасында жастарға тәлімді тәрбие беріп жүрген ауыл билеріне, кәсіпкер азаматтарға, үздік мұғалімдер мен дәрігерлерге аудан әкімінің марапаттары табыс етілді.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев пен ауыл әкімі Ордабай Сахов біраз жылдан бері төсек тартып жатқан Мырзахмет Қасымовтың шаңырағына ат басын бұрып барды. Тәуелсіздік алған алғашқы қиын кездерде ауыл әкімі болып 7 жыл қызмет атқарған ел ағасының көңілін сұрап, әңгіме-дүкен  құрды. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен және қарттар күнімен құттықтап, азық-түлік себетін табыс етті.   

Аудан басшысы мұнан кейін ауыл ақсақалдарымен дөңгелек үстел өткізді. Жиын барысында ауылдың тыныс-тіршілігі, береке-бірлігі жөнінде келелі әңгімелер айтылып, азаматтар ой-пікірлерімен бөлісті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5606