Жұма, 22 Қараша 2024
Экономика 4277 0 пікір 6 Қазан, 2016 сағат 00:00

Алматыда «Daimler AG» 200 «Мерседес» автобустары іске қосылады

Қазақстан Республикасындағы «Германия экономикасы» күніне орай Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Баден-Вюртемберг Федералды жерінен сауда-өнеркәсіптік, ірі инновациялық технология және көлік құрастырушы болып саналатын (астанасы Штутгарт қаласы, Германия) Одақ палатасының делегациясын арнайы қабылдады.

Кездесу барысында қала әкімі жыл сайын дәстүрлі өтетін «Қазақстандағы Германия экономикасы күні» дәстүрлі форумға және германдық кәсіпорындарға серіктестікпен бірлескен жұмысты өзара тиімді шешуге, нақтыланған ииновациялық Жобаларды талқылауға арналған тұсаукесерлік алаңдарға айналғандығын айрықша атап өтті.

Сауда-өнеркәсіптік Одақ палатасының президенті Петер Кулитц атап өткендей, түрлі аймақтардан жиналған экономика саласында қызмет атқаратын делегаттардың, Қазақстанның ең ірі экономикалық орталығына іскерлік белсенділіктері мен олардың мүмкіндіктерімен танысу үшін келгендігін жеткізді.

«Еуразиялық Одақта Германия Қазақстанның ең үздік серіктесі болып табылады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарын тұрақты динамикалық түрде нығайту және экономикалық қатынастардың жаңа мүмкіндіктерінің көзін табуды бірлесе жүріп атқарады. Сондықтан Алматы қаласы Германиялық кәсіпорындарына нарыққа шығу мүмкіндіктерін және де Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде инвестициялық қызмет көрсетуге ықпал етеді» - деді өз сөзінде Бауыржан Байбек.

Сол күні Қазақстандық «FalconEuroBus» компаниясымен және «Daimler AG» көлікқұрылыс концерні арасында келісімшартқа қол қойылып, қалалық бағыттарда қызмет көрсету үшін заманауи 200 «Мерседес» автобустарының іске қосылуы жоспарланды.

«FalconEuroBus» Компаниясы 24 миллиард теңгелік еуростандартқа сай жолаушылар көлігінің паркі құрылысын инвестициялайды.

Әуезов ауданындағы жер учаскесінің батыс бағытындағы Төле би мен Яссауи көшелерінің қиылысында 7 гектарлық жер аумағында орналастырылатын әкімшілік кешені, 2 құрал-сайман қоймасы, жөндеу орыны, жанармай құю бекеттері, 255 жабық тұрақтары, сонымен қатар қызметкерлер үшін оқу орталығы салынуы мүмкін. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Германиядан алғашқы 5еуростандарттық 20 автобус паркке келіп түседі деп күтілуде.

«Алматы қаласында транспорттық инфрақұрылымын жетілдіру сұрақтарына зор көңіл бөлінеді. Біздің бұл бағыттағы ең негізгі критерииіміз – сапалы автопарктер, жоғары деңгейде қызмет көрсету және білімді де білікті мамандар дайындау болмақ. Бұл автобустар шаһарымыздың шырайын келтіріп, әсіресе Универсиада-2017 қарсаңында «Мерседес» маркалы автобустарының сапасы мен жайлылығын кез-келген жолаушы мен қонақтар да сезініп, бағасын береді деген ойдамын»- деді қала әкімі.

«Daimler Bus» директорының сөзіне орай, Солтүстік Еуропадағы маркетинг және сату бойынша, Шығыс Еуропа және Орталық Азия Хакан Йонссонаның – тек қана Қазақстанда емес, Орталық Азиядағы алғашқы жобасы болып саналады.

«Қуантарлығы, қала әкімдігі жолаушылар көлігі жобасын белсенділікпен қолдауда. Біз жетістікке жету үшін екіжақтылық әріптестікке зор сенім артамыз. Жалпы «Мерседес» автобусы экологиялық жағдайды жақсартып, қоғамдық көліктердің инфрақұрылымын бір қалыпқа түсіріп, өз үлесін қосады деп ойлаймын»- деді Х.Йонссон сөзін жалғастырып.

Сонымен қатар қала әкімі Герман Федерациялық Республикасының Қазақстандағы елшісі Рольфом Мафаэлеммен және Алматы қаласындағы ГФР бас консулы Йорн Розенбергпен кездесті. Кездесу барысында болашақта әріптестік байланысты нығайту сұрақтары кеңінен қарастырылды.

Алматының мейманхана кластері әлемдік брендтің «Kempinski Grand Asia» мейманханасымен толығады.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1440
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3203
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5181