Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Экономика 5077 0 пікір 1 Қазан, 2016 сағат 00:00

Алматы мен ШҚО аймақаралық ынтымақтастықты нығайтады

Алматыда өңіраралық кооперацияны нығайту масқатында мегаполис инвесторлары мен кәсіпкерлері Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған делегациямен кездесті.

Шара барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполисте отандық өндірушілер мен азық- түлік қауіпсіздігіне ерекше мән берілетінін жеткізді. Бұл Мемлекет басшысы алға қойған міндет екендігін, оны өзара бірлесіп жүзеге асырудың берері молдығын да атап өтті.

«Біз еліміздің сегіз облысымен байланыс орнаттық, кездесулер нәтижесінде Алматы қаласына өнімді тікелей жеткізу бойынша 30 келісімге қол қойылды. Алматы – өнім өткізудің басты нарығы, соңғы бес жыл ішінде қала тұрғынының қатары 20%-ға өсіп, 1,7 млн. адамнан асты, таяудағы 15 жыл ішінде 46%-ға жетеді деп күтілуде. Жыл ішінде 1 трлн теңге түратын азық- түлік қолданылады, оның 300 млрды – импорт. Әлеуетіміз үлкен » , - деді Б.Байбек.

Алматы әкімі әкімшілік кедергілерді жоя отырып, агрокешен саласында байланыс көлемін арттыру қажеттігін айтты.

« Қала импортының құрылымына талдау жүргізу барысында мол көлемде импортталатын 86 сауда тобы анықталды. Мысалы, ірімшіктер мен құс еттерінің тең жартысы, шұжық және сары май өнімдерінің 40% -дан астамы импортталады екен. Біздің міндетіміз олардың орнын өзімізідің сапалы отандық өнімдермен толтыру»  , - деді Б.Байбек.

Атап өтерлік жайт, биылғы жылдың мамыр айында алматылық сауда орындарына ШҚО-ның өнімдері түскен болатын. Шеберлік сыныптары өткізіліп, бүгінгі күні ШҚО қалаға өнімнің 100 түрін жеткізуде. Екі жақ та өзара келісе отырып, импорттық өнімді алмастыратын тауар шығаруды арттырмақшы.

ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов өңірдің индустриалды қуаты мен аграрлық потенциалының жоғары екендігін айтты. Таяудағы 15 жыл ішінде өңірдің инвестициялық тартымды әрі дамыған аймаққа айналатындығын атап өтті.

«Біз сүт өнімдерін көп өндіреміз, мал шаруашылығы саласы жақсы дамыған, өңірде құс етін өндіру жобасы жүзеге асуда. Біз инвесторларға қажетті өнім өндіру үшін 90 000 гектар суармалы жер ұсына аламыз»,  - деді Д.Ахметов.

Кездеусге қатысқанда ШҚО әр өңірінен жеткізілген 50 тонна балдың дәмін татып, «MagnumCash&Carry» гипермаркетінің ассортиментімен танысты.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1507
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3283
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5812