Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 1 Маусым, 2009 сағат 06:48

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ. Ғаламторда – қазақ тілі

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті, Қазақстан аумағы бойынша байланыс  қызметін көрсететін отандық компаниялар, сондай-ақ Парламент Мәжілісінің депутаттары өзара күш біріктіріп, елдік тұрғыда мән-маңызы ерен бастаманы батыл қолға алмақ ниетте екендігін танытты. Ол – “Электронды үкіметтің” қазақ тілін дамытудағы рөлін айқындау, оның ішінде ғаламтордағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Кеше Ақпараттандыру және бай¬ланыс агенттігінде өткен дөңге¬лек үстелде осы мәселе талқы тара¬зысына салынып, сала мамандары мен халық қалаулылары “Қазақ¬стан¬да “электронды үкіметті” да¬мы¬тудың 2008-2010 жылдарға ар¬налған бағдарламасының” жүзеге асырылу барысы төңірегінде ой бөлісті.

Бір атап өтерлігі, басқосуға қа¬тысқан азаматтардың басым көп¬шілігі Интернет пен байланыс саласының күн санап қарқын ала түсуі оған қазақ тілін енгізу сұра¬ны¬сының артуына да әсер етіп отырғандығын, мұны Интернеттің қазақстандық желісінің тым кен¬желеп қалуымен де байланыстыруға болатындығын атап өтті. Мәселен, бүгінде елімізде 1,5-2 млн. халық ғаламтор қызметін пайдаланаты¬нын ескерсек, оның ішінде Каз¬нетті пайдаланушылар 14 пайызды ғана құрайды екен.  Ал бұл халық¬тың небары 87 мыңға жуығы ғана. Интернеттің қазақстандық желі¬сінде мұндай мүшкіл халдің “төбе көрсетуін” сала мамандары бір¬қа¬тар дәйекті мысалдармен түсіндіріп берді. Оның бірін ғаламтордағы қазақ тілді сайттардың сын көтер¬мейтін жағдайда тұрғандығымен байланыстырсақ болады.
“Ал Интернет желісін па¬йда¬ла¬нушылардың қазақ тілді сайттарға деген қызығушылығын арттыру үшін ең алдымен оларды басқа тілдегі  сайттармен “бәсекеге қабі¬леттілік” деңгейіне жеткізуіміз ке¬рек. Қазіргі таңда, өкінішке қарай, мұндай жағдай әлі де қалыптаса алмай келеді. Көпшіліктің талап тілегіне жауап беретін, қызығу¬шы¬лығын оятатын мемлекеттік тілдегі Интернет-ресурстар тапшылығы осының айғағы”, деді бұл төңі¬регінде өз ойын айтқан Ақпарат¬тан¬дыру және байланыс агенттігі¬нің төрағасы Қуанышбек Есекеев. 
“Егер қазақ тілді сайттардың мәртебесін көтеріп, халықтың сол сайттарға деген  қызығу¬шылығын арттырамыз десек, ең алдымен олардың сапасына көңіл бөлуіміз қажет. Себебі, бәсекелестік – сервис түрлерінің, яғни қызмет көрсету түрлерінің артықшылы¬ғы¬мен өлшенеді”, дейді “Мәссаған” Ұлттық веб порталының негізін қалаушылардың бірі Матай Жанарбек. 
Жиын соңында сала мамандары мен депутаттар ғаламтордағы қазақ тілінің мәртебесін көтеруді мем¬лекеттік тұрғыдағы бірлескен жоба-бастамалар, оның ішінде еліміздегі барлық байланыс операторларының басын біріктіру арқылы шешуге болатындығын жеткізді.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ.
«Егемен Қазақстан» газеті  29 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322