Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 4297 0 пікір 27 Қыркүйек, 2016 сағат 14:53

САҒЫНТАЕВ ҮКІМЕТ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев өзінің орынбасарларына кәсіпкерлікті қолдау мәселесін бақылауға алуды тапсырды, - деп хабарлайды "Егемен Қазақстан" басылымы prime-minister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Отырыста мемлекеттің және бизнестің сындарлы жұмысының арқасында әкімшілік кедергілер мен рұқсат беру үдерістері мәселелері енді көтерілмейтіні айтылды. Қазір бірінші кезекке отандық тауар өндірушілерді қолдау, салықтық әкімшілендіру және қаржы көздерінің қолжетімділігі мәселелері шығады.

Осыған байланысты Премьер-Министр бірқатар тапсырмалар берді.

«Салықтар, несиелеу бойынша көптеген сұрақтар бар. Өткен аптада біз «Атамекен» басқармасымен, екінші деңгейлі банктермен кездестік, бәрінде несиелеу бойынша сұрақтар бар, барлығы бізде жұмыс жасап жатқан мемлекеттік бағдарламаларды қолдайды. Мемлекет қосымша ақша бөліп отыр, алайда «Агробизнес-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қайта қарау міндеті тұр», – деген тапсырма берді Премьер-Министр өзінің орынбасарлары А. Мамин мен И. Тасмағамбетовке.

Премьер-Министр несиелеудің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Ол Үкімет Ұлттық банкпен бірге несие ресурстарының қолжетімділігі мәселесін жақсарту бойынша шаралар әзірленіп жатқанын айтып өтті. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен бірге «Бизнестің жол картасына-2020» өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау қажет.

Аталған тапсырмалардың орындалу нәтижесін Б. Сағынтаев 10 күннен кейін тыңдайтын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555