Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 5011 0 пікір 26 Қыркүйек, 2016 сағат 13:12

РЕСЕЙ БІЗДІ УЫСЫНАН ШЫҒАРҒЫСЫ КЕЛМЕЙДІ

Жақында Англияда постдокторантурада оқып жүрген инфекционист қазақ жігітпен жолыққам. Сөз арасында былай дейді: "Былтыр ғылыми жобама Қазақстанның өткен жылдардағы ауа-райы туралы мәліметтері керек болды, қанша іздедім, таппадым, сөйтіп оны... АҚШ-тың метео агенттігінен таптым. Хат жазған едім, олар маған 1913 ЖЫЛДАН БЕРГІ еліміздің жыл сайынғы климаты туралы ақпаратты ТЕГІН жіберді, тек мақалаңда бізге сілтеме жасауды ұмытпа деп жазды" дейді.

Дәл осындай жағдай әріптестерімде болды, оларға Қазақстанның былтырғы 1 жылдық климаттық мәліметін біздің Қазгидромет 100 мың теңгеге сатыпты дейді...

Екі елдегі ғылымға деген екі түрлі көзқарас! 1 ғасырлық және 1 жылдық мәлімет!

Айтпақшы, есіңізде ме, былтыр "ойбай, Алматыда АҚШ биологиялық қару жасайтын лаборатория салады" деген ақпар шыққан еді ғой. Түк те олай емес, өзім сонда істеймін, тек аса қауіпті инфекцияларды зерттейтін өте озық зертхана, Ресей оны салдыртқысы келмей, әдейі жасаған тірлігі еді" дейді.

Үйге келіп, сол ақпаратты қайта қарап шықтым. Құрылысқа 108 млн. доллар жұмсапты, қаражатты берген АҚШ, зертхананы толық Қазақстан меншігіне тапсырған. 

"Сендер не соғып жатсыңдар?" деп Ресейдің бас санитары Онищенко 2011 жылы оны тексеріп кетіпті. Әлгі дауды үдету үшін белгісіз бір ресейліктер аузына келгенін оттаған, соны біздің орыс тілді БАҚ еш ойланбастан жариялаған.

Онищенкоға есеп беретіндей, алыстағы ресейліктің ойына құлақ асатындай қандай елміз деп ашуланасың?! Әйтпесе, өз ғалымдарымыз бұл кәдімгі зертхана деп бірнеше рет сұхбат берген екен. 

Кремльдің қысымы қандай-ә, жан-жақты, уысынан шығарғысы келмейді, өсіп жатқаныңды көрсе, аяғыңнан шалып құлатуға даяр!

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576