Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3676 0 пікір 24 Қыркүйек, 2016 сағат 18:04

Саламатты өмір салты: Ордабасыда ардагерлер күш сынасты

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, "Еңбек күні" мерекесіне орай ордабасылық ардагерлер бас қосып, күш сынасты. Әр ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты. 

Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жастағы Ә.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеңімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердің күші анық байқалды. 

Сайыстың қорытысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлық табыстады. Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді.

Саламатты өмір салтының "Еңбек күнінен" арналған бір күнін ордабасылық ардагерлер осылайша өткерді. Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары» бағдарламасында бұқаралық спорт түріне мән беру керектігін алға қойған болатын. Ал, бұқаралық спорт түрлері осындай жарыстар барысында көпшілік сипат ала түсері анық.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576