Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3755 0 пікір 24 Қыркүйек, 2016 сағат 18:01

ОҚО әкімі шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады

Қадірлі Шымкенттіктер және қала қонақтары!

Ескі мен жаңаны үндестірген Шымкент шаһарымыздың бүгін атаулы мерекесі. Тарихтың талай сәттеріне куә қаламыз бүгінде тағы бір жасқа есейді. Сіздерді қала күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Шымкент шежіресі көне, саяси экономикалық беделі - жас қала. Олай дейтінім, сүрленген тарихы терең қаланың бүгінде заманауи келбеті қалыптасуда. Пайда болғанына 2200 жыл өтсе де, бұл шаһар жыл сайын түлеп-түрленіп, өзінің жаңа қырларын танытып, әр таң сайын жаңа белестерге ұмтылған әрі көне әрі жас балаусадай қала. Қаламыз Еуразияның кіндігінен орын тепкен, бүкіл әлемге әйгілі Астанаға қарап бой түзеп, жаңару, өзгеру, жаңа белеске бой алдыру кезеңіне қадам басты. 

Шымкент – Қазақстан қалаларының ішіндегі өзінің алабөтен орны бар шырайлы шаһар. Біздің табанымыз тиіп тұрған бұл қаланың топырағы – киелі, ауасы – қасиетті, суы – қастерлі, жұрты – берекелі. Оның өз көңіл-күйі, ерекше болмыс-бітімі бар. Өзіне ғана тән мінезі, тыныс-тіршілігі мен айрықша келбет-дидары бар.

Шымкент - мәдени келбеті көрік қала. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрді ерекше құрметтейтін құт қонған мекен. Көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің тағдырлары тоғысқан тұғырлы қала.

Бұл қала – ертеден Ұлы Жібек жолының бойындағы мәдениет, сауда мен қолөнердің ірі орталықтарының бірі болды. Талай

керуендер келіп, алыс-жақын елдер қызу сауда жасасқан. Шуақты шаһарда талай ғылыми еңбектер жазылып, керемет өнер туындылары дүниеге келген. Талай тағдырларды тоғыстырған, небір жарқын идеялар мен алаулы армандарға дем берген құнарлы мекен.

Бүгін де Шымқаламыз сол потенциалды жоғалтқан жоқ.

Бүгінде қаланың жаңаша келбетіне сай, тарих толқынынан сыр шертетін түрлі ескерткіштер мен монументтер,саябақтар мен демалыс аймақтарынан қоғамдық нысандар салынуда. Келер ұрпаққа өткеннен дерек беретін мұндай тарихи тірліктерді дамытуды қазір, бекем қолға алдық.

Қадірлі жерлестер!

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Шымкентті үшінші мегаполиске айналдыру туралы нақты тапсырмасы бар. Сондықтан Шымкенттіктер Елбасымыздың қамқорлығын үнемі сезініп келеді. Тарихтың талай сәттеріне куә болған жарық шаһарымыз күннен күнге дами берсін, өркендей берсін, өрлей берсін!

Жасыл қала ғана емес-ғасыр қалаға айналған Шымкентіміз жасай берсін.

Құрметпен, ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572