Оңтүстік өнімдері Республика сұранысына ие
Бұл күндері Оңтүстік Қазақстан облысы шаруаларының өнімдері Астана тұрғындарының сұранысына ие болған.
«Қазақстанда жасалған» акциясының шеңберінде облыстық өнеркәсіп өндірушілердің көрмесі мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылып тұрады.
Онда 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан саудаланады. Бұл өз кезегінде Оңтүстік шаруаларына да айтарлықтай тиімді. Астана базарларында Оңтүстік шаруаларының ауылшаруашылық өнімдері әдеткі бағадан арзандау сатылады.
Әсіресе көкөніс, жеміс-жидек, ұн әм ет өнімдерінің сапасы да сын көтерерлік.
Айта кетейік, желтоқсан айындағы деректерге назар аударсақ, үстіміздегі жылы Оңтүстік шаруалары Астана, Алматы қалаларына арнайы жәрмеңке ұйымдастырып, онда өз өнімдерін тұрғындарға ұсынған.
Расымен жәрмеңкедегі бағалардың арзандығынан болар азық-түлік өнімдеріне сұраныс жоғары екенін байқадық. Мысалы, Астана және Алматы қалаларында өткен жәрмеңкелерде Оңтүстік Қазақстан облысынан әкелген картоп - 50 теңге, сәбіз - 50 теңге, қазы - 1500 теңге, бал - 1100 теңге, шұбат - 500 теңге, жұмыртқа - 22 теңге, қарбыз - 90 теңге, құрма - 400 теңге көлемінде болды.
Бұл Оңтүстік шаруаларының ел елді алғаш рет аралауы емес. Жалпы Республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық тауарлары жоғарғы сұранысты қамтамасыз етіп отырғаны тағы рас.
Абай ақпарат