Оӊтүстік Қазақстан облысы көкөніс пен жеміс-жидек отаны
Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызылқия ауыл округіндегі 500 гектардан астам жерге қарқынды бау шаруашылығын дамытып отырған "Аманкелді" ЖШС-ніӊ жұмысы көңіл көншітерлік, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Алма, алхоры, шабдалы, шие, жүзім жеміс-жидектерін өсіретін серіктестік өнімдерін Қазақстан аумағынан бөлек, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан Республикаларына шығаруда. Сондай-ақ, жеміс-жидектер мен көкөністерді сақтайтын сыйымдылығы 2 мыӊ тонналық қоймасы және тұқым бағында өндірілетін алма мен жүзім көшеттері бар.
Елбасы Оӊтүстікке жасаған бір жұмыс сапарында облыстыӊ көкөніс пен жеміс-жидек өндіретін нағыз "фабрикаға" айналуға барлық мүмкіндігі бар деген болатын. Осы мүмкіндікті барынша қолдану үшін барлық аудан, қалалап аталған серіктестіктен тәжірибе алып, бау-бақша шаруашылығын дамытуымыз керек",-деген еді әкім облыс әкімі Ж.Түймебаев.
Өз кезегінде Ерболат Досаев шағын және орта кәсіпкерліктіӊ дамуына қашанда қолдау көрсетілетінін айтып, облыстағы өндірілетін өнімдерді өзге өӊірлерге кеӊінен таныстыру қажеттігіне тоқталған-ды.
Оӊтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев бастаған "Бәйтерек девелопмент" АҚ-ныӊ басқарма төрағасыныӊ орынбасары А.Құртаев, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ басқарма төрағасы Қ.Тілеушин, "БРК-Лизинг" АҚ Басқарма Төрағасы Н.Байбазаров, "Тұрғын үй құрылысыныӊ кепілдендіру қоры" Басқарма Төрағасы Д.Онаев, "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС-ніӊ Басқарма Төрағасы Ә.Өтембаев, "Қазақстанныӊ даму банкі" АҚ-ныӊ басқарма төрағасыныӊ орынбасары А.Сарқұлов, "НҰХ "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы хатшылығыныӊ жетекшісі А.Шамшиндер сынды бірқатар холдингтіӊ еншілес компания басшылары келген болатын. Сапары барысында олар өӊірдегі тұрғын үй құрылысы мен кәсіпкерлікті дамыту бойынша жиын өткізіп, қаладағы салынып жатқан тұрын үй құрылысымен және Шымкенттегі бірқатар кәсіпорындар жұмысымен танысқан-ды.
Абай-ақпарат