Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2785 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 16:05

Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша мақтаның 100 пайызын өндіреді

Оңтүстік Қазақстан облысы республика бойынша мақтаның 100 пайызын өндіреді  - деп хабарлайды Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның - 100 %, жүзімнің - 65 %, бақшаның - 66 %, мақсарының - 40 %, жеміс-жидектің - 31 %, көкөністің - 24 % пайызын өндіреді.

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңір диқандары алты жуз жетпіс алты мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда тоқсан бес мың тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соңды болмаған нәтижені беріп отыр. Мұны орташа түсімділікке шақсаңыз, гектарына жиырма алты центнер дәнді дақылдан келеді екен. Сонымен қатар, биылғы маусым шаруалардың өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауда оң жамбасынан келіпті. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі жуз тоғыз мың тн. артып, тоғыз жуз алпыс уш мың тн. болса, бақша өнімдері отыз мың тн. артып, бір млн. төрт жуз он уш мың тн, картоп жиырма екі мың тн. артып, екі жуз жетпіс жеті мың тн, жеміс-жидек алпыс төр мың тн. артып, жуз жиырма алты мың тн, жүзім жиырма екі мың тн. артып, алпыс уш мың тоннаны көрсетті.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га. артып, 788,6 мың га болды.

Мұнан бөлек, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26–27 ц/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40–45 цн/га. өнім алынуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450