Оңтүстік Қазақстан облысында картоп егу көбейеді
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлы аймағында көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысында 256 мың тонна жуық картоп жиналған. Алдағы жылдарда аталмыш сала дами түседі. Оған себеп, картоп егуге мемлекет тарапынан субсидияның жеткілікті деңгейде бөлініп отырғандығы. Оңтүстік Қазақстандық картоп егушілерге мемлекет тарапынан гектарына 18 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Бұл қаржы ҚР АШМ-ің «Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша бөлінген.
өтінім қабылдаудың басталуы/аяқталуы мерзімдерінен кешіктірмей АШ-ы бөліміне немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-на (жазбаша нысанда) немесе «электрондық үкіметтің» порталы арқылы электрондық түрде беріледі.
Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мың тн. артып, 963 мың тн. болса, бақша өнімдері 30 мың тн. артып, 1 млн. 413 мың тн, картоп 22 мың тн. артып, 277 мың тн, жеміс-жидек 64 мың тн. артып, 126 мың тн, жүзім 22 мың тн. артып, 63 мың тоннаны көрсетті.
Бұл алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысын республика халқын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғары екендігінің бірден-бір айғағы.
Абай-ақпарат