Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3120 0 пікір 21 Желтоқсан, 2016 сағат 16:21

ОҚО: Облыста 174 кооперативтер құрылды

Облыста мал шаруашылығын дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде жаңадан 15,0 мыңнан астам ұсақ шаруашылықтарды біріктіретін 174 кооперативтер құрылды. Бұл туралы «Abai.kz» порталы хабарлайды.

2016 – 2017 ж.ж. барлық ауылдық округтерде кооперативтерді құру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыста қайта өңдеу саласында 198 кәсіпорындар бар. Олардың 27 ірі кәсіпорындар санатына жатады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 128,7 млрд.тг құрап, өткен жылдан 15,2 млрд.тг артып, нақты көлем индексі 104,6 % жетті.

Айта кетейік, аймақта мал шаруашылығы жылдан-жылға дамып келеді. Атап айтқанда, ет, сүт, жұмыртқа өнімдерінің көлемі артты. Жалпы, өңірімізде 858,8 мың ірі мүйізді қара мал, 4 111,4 мың қой мен ешкі, 223,6 мың жылқы, 23,4 мың түйе, 2 460,3 мың құс бар. Мұның барлығы шаруалардың еңбегі және мемлекет тарапынан берілген қаржылай көмекті тиімді пайдаланудың арқасында деуге болады. «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде «Сыбаға» бағдарламасымен 18,2 мың бас аналық ірі қара мал сатып алынды. Бүгінде 49,3 мың бас аналық ірі қара малға тұқымдық түрлендіру жүргізілуде. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 39,3 мың бас тұсақ, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3,7 мың бас жылқы сатып алынды.

Абай-ақпарат  

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1083
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2634
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 756
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 726